Жеңісті жақындатқан жаужүрек рухты майдангер Иван Федорович 1927 жылдың 10 шілдесінде Тамбов облысы, Мучкапск ауданының Мучкап селосында дүниеге келген. Мектепті бітіргеннен кейін Забайкалье майданында ерекше мақсаттағы радиодивизионның барлаушысы болып қызмет етті. Харбин, Мукден, Чань-Чюнь қалаларын азат ету шайқастарына қатысқан. Сұрапыл соғыс сапарын Чань-Чюнь қаласында аяқтады. 1951 жылға дейін осы қалада әскери қызметте болды. 1952 жылдан бастап милиция органдарында, Жамбыл стансасы желілік ішкі істер бөлімінде жұмыс істеді. 1967 жылы Алматыдағы жоғары милиция мектебін бітірді. Оперативтік қызметкерден ОБХСС бастығына дейінгі қызмет жолынан өтті. Подполковник атағын алған. Отан соғысы орденімен, «Германияны жеңгені үшін», «Жапонияны жеңгені үшін» мерекелік медальдарымен марапатталған.
Қазіргі таңда Тараз қаласында тұрып жатқан ардагердің шаңырағына барған аймақ басшысы Ербол Шырақпайұлы «Өздеріңіз секілді ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне, сол кезеңнің куәгерлеріне деген құрмет, көмек көрсету – бүгінгі ұрпақтың негізгі міндеттерінің бірі», – деп жамбылдықтардың атынан алғысын жеткізді. Президенттің құттықтау хатын табыстап, майдангердің отты жылдардағы ерлігі мен қайсарлығын айрықша атап өтті.
Облыс басшысына риясыз разылығын білдірген қарт жауынгер ынтымақ пен бірліктің қаймағы бұзылмаған қазақ даласында мұндай сұрапылдың болмауын және өскелең ұрпаққа баянды болашақ тілейтінін жеткізді.
Нұржан ҚАДІРӘЛІ
Ұқсас жаңалықтар
Болашақ сарбаздар бірқатар сараптамадан өтуге міндеттелді
- 29 қазан, 2024
Кітапханадағы келелі кездесу
- 29 қазан, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді