Жамбыл ауданында 32 жоба іске асырылады
Тұрғындарды әлеуметтік нысандармен қамтамасыз етіп, сапалы қызмет ұсыну қашанда маңызды. Бұл бағыттағы жұмыстар Жамбыл ауданында да жалғасын тапқан. Бұл туралы баспасөз жиынында аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы баяндап, аймақтың әлеуметтік- экономикалық дамуы жөнінде жұмыстары жайында айтты. Аудан әкімінің сөзінше, биылғы жылы жалпы 32 жоба іске асырылып, бірқатар әлеуметтік нысандардың құрылысы басталмақ. –Биылғы жылы аудан көлемінде 8,2 миллиард теңгеге 32 жоба іске асырылмақ. Оның ішінде теміржол станцияларының аумағында орналасқан ауылдардағы үйлерді элект р жарығымен жабдықт ау, әкімшілік ғимарат, мектеп пен медициналық пункт, спорт кешенін салу, елді мекендердегі су жүйелерін жабдықтау жұмыстары бар. Сонымен қатар, аймақта біршама жылдар бойы шешімін таппаған аудандық орталық кітапхана ғимараты мен аудандық мұражай және архив мекемелерінің құрылысы қолға алынбақ, – деді Ерлан Қыдыралыұлы.
Сондай-ақ, Ерлан Қыдыралыұлы облыс әкімінің ауданға жұмыс сапары барысында тапсырылған міндеттердің жіті бақылауда екенін жеткізді. Естеріңізге сала кетсек, облыс әкімі Ербол Қарашөкеев жыл басында Жамбыл ауданына жұмыс сапары аясында өңірдегі қордаланған мәселелерге назар аударып, түйткілді түйіндердің оң шешімін табу мақсатында бірқатар тапсырмалар жүктеген болатын. Олардың ішінде орталық аурухананы күрделі жөндеуден өткізу, ерекше жандарға арналған орталық ұйымдастыру жұмыстары бар.
– Орталық аурухананы күрделі жөндеуден өткізу мақсатында 1,2 миллиард теңгеге жобалық-сметалық құжаттамалары дайындалып, арнайы сараптамаға жіберілді. Сараптама оң нәтижеге ие болған жағдайда ре спубликалық және облыстық бюджет тарапынан нысанға қажетті қаражат сұралып, құрылыс жұмыстары атқарылады. Бұдан бөлек, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған орталық қарастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жалпы, ауданда медициналық сала және педагогикалық бағыт бойынша ерекше жандар оқытылады. Олардың біріне жаңа ғимарат салуға жер телімі белгіленіп, екіншісі бойынша аудан орталығынан бос ғимарат ұсынылды, – деді аудан әкімі.
Нұрболат АМАНБЕК
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді