«Долық» па, «толық» па?
Еліміздің батыс, оңтүстік батыс аймақтарында шыңырау құдықтың көзін ашуға қолданылатын құрал «Долық» деп аталады екен. Бабаларымыз долықты бітеу сойылған мал терісінен немесе қалың матадан жасайтын болған. Кейбір өңірлерде құдықтың түбіндегі тастарды салып, қарулы жігіттер қотарып алатын ыдысты да «Долық» деп атаған. Оны сойылған малдың бітеу терісін илемей жасаған. Әдетте ондай ыдыста тұз, бидай сияқты сусымалы заттар сақталған. Долыққа молшылықтың символы ретінде ғұрыптық мән берілетіні де осы жағдайларға байланысты. Бұл сөз су, тұз, бидай секілді тағамдарды толық құюға немесе салуға ыңғайлы бітіміне байланысты айтылған деуге де болады. Демек, «Долық» сөзі «Толық» сөзінің фонетикалық және «материалданған» контоминацияға ұшыраған нұсқасы. Бұған бірқатар дәлелдер бар.
Шыңырау құдықтан су тартатын қауғаны долық деп атамайды. Себебі, су тартатын қауғаның пошымы оған толтырып су алуға мүмкіндік бермейді.
Дайындаған Есет ДОСАЛЫ.
Ұқсас жаңалықтар
«Мен оларды өз балаларымдай көремін»
- 10 ақпан, 2026
Ер– елдің қорғаны ғана емес, мақтанышы
- 10 ақпан, 2026
Ақпарат
Таразда таңды-таңға ұрып қисса айтатын жігіт бар
- 10 ақпан, 2026
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




