Алғашқы форумның нәтижесі ауқымды

Алғашқы форумның нәтижесі ауқымды
ашық дереккөз
Алғашқы форумның нәтижесі ауқымды
Amanat партиясының трансформациясы аясында ішкі партиялық жұмыс тиімділігін арттыру – басты басымдықтарының бірі. Партия қоғамдағы барлық күшті біріктіруге ұмтылса, түрлі мекемелер мен ауылдық жерлерде бұл қызметті бастауыш ұйымдары атқаруда. Сондықтан бастауыш партия ұйымдарының жұмысын жандандыру маңызды. Бұл орайда, Amanat партиясы облыстық филиалы алғаш рет бастауыш партия ұйымдарының облыстық форумын ұйымдастырды. Бастауыш партия ұйымдарының қызметін жандандырудың тиімді жолдары мен тетіктерін талқылау мақсатында ұйымдастырылған шараға облыс әкімдігі басқармаларының басшылары, партия ардагерлері, барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары, облыстық БПҰ төрағалары мен мүшелері қатысты. Алқалы жиынның ашылу салтанатында сөз алған Amanat партиясы облыстық филиалының төрағасы Дауыл Бейсенқұлов басқосу партияның ең басты ресурсы – бастауыш партия ұйымдарының жергілікті жерлерде партияның стратегиялық міндеттерін жүзеге асыратын шынайы күш екенін айғақтайтынын баса айтты. Сондай-ақ, ол Amanat партиясының трансформациясы аясында ішкі партиялық жұмыс тиімділігін арттыру – басты басымдықтарының бірі екеніне тоқталып, партия қоғамдағы барлық күшті біріктіруге ұмтылса, түрлі мекемелер мен ауылдық жерлерде бұл қызметті бастауыш ұйымдары атқарып жатқанын атап өтті. – Бүгінгі таңда облыста 266 бастауыш партия ұйымы жұмыс істейді. Олардың қатарында 54 мыңнан астам мүше бар. Соңғы екі жылда партия қатары 4000-ға жуық адаммен толықты. Партия облыстық ұйымының 59 пайызын әлеуметтік саланың өкілдері құраса, 30 пайызы қызмет көрсету саласының өкілдері. Шағын және орта бизнестің өкілдері 3,5 пайыз, ауыл шаруашылығы саласының еңбеккерлері 1,8 пайызды ғана құрап отыр. Айта кетерлігі, 2023 жыл партия үшін нәтижелі кезең болды. Мұнда, әрине бастауыш ұйымдардың да рөлі зор. Маңызды оқиғалардың бірі – тамыз айларында өткен есептік-сайлау науқаны. Соның нәтижесінде БПҰ төрағаларының құрамы 20 пайызға жаңарды, яғни 55 бастауыш ұйымға жаңа жетекші сайланды. Төрағалардың 28-і мәслихат депутаты болса, 32-сі қоғамдық кеңес мүшесі. Бұл дегеніміз бастауыш партия ұйымдарының сапалы кадрлармен толыққанын көрсетеді, – деді Дауыл Ынтықбайұлы. Сонымен қатар, филиал төрағасы бастауыш партия ұйымдары төрағалары алдында партияның «Қарызсыз қоғам», «Кедергісіз келешек», «Бақытты отбасы», «Ауыл аманаты», «Жер Аманаты» сынды жобаларының жүзеге асырылу барысына тоқталды. Келесі кезекте ұйым қызметін жандандырудың тиімді жолдары мен тетіктері бойынша спикерлер өздерінің ұтымды ұсыныстары мен пайымды пікірлерін ортаға салды. Еркін форматта өткен басқосуда олар өздерінің тың тәжірибелерімен бөлісті. Сондай-ақ, форум панельді сессиялар арқылы жалғасын тауып БПҰ төрағалары облыс әкімдігі басқармаларының өкілдеріне сұрақ қою арқылы, өзара пікір алмасуға мүмкіндік алды. Сонымен қатар, психолог, SMM-мамандар олардың бойларындағы түрлі дағдыларын дамыту бойынша семинарлар ұйымдастырды. Айта кетерлігі, 2023 жыл партия үшін нәтижелі кезең болды. Мұнда, әрине бастауыш ұйымдардың да рөлі зор. Маңызды оқиғалардың бірі – тамыз айларында өткен есептік-сайлау науқаны. Соның нәтижесінде БПҰ төрағаларының құрамы 20 пайызға жаңарды, яғни 55 бастауыш ұйымға жаңа жетекші сайланды. Төрағалардың 28-і мәслихат депутаты болса, 32-сі қоғамдық кеңес мүшесі. Бұл дегеніміз бастауыш партия ұйымдарының сапалы кадрлармен толыққанын көрсетеді. Бастауыш партия ұйымдары партияның саяси бастамаларын қолдайтын әрі жүзеге асыратын, түрлі шараны ұйымдастыра алатын күшке айналуы тиіс. Amanat партиясы облыстық филиалы алдағы уақытта осы бағытта жұмысын одан әрі жандандырып, бастауыш ұйым өкілдерімен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасайтын болады.  

Шынболат СЕЙДУАЛИЕВ,

Amanat партиясы облыстық филиалының баспасөз хатшысы.

Ұқсас жаңалықтар