Қайраткер қаламгер биігі
Биыл қоғам қайраткері, Жамбыл облысының Құрметті азаматы, ардагер журналист Баттал Жаңабайұлының туғанына 95 жыл толып отыр. Осыған орай өңірімізде көптеген іс-шаралар ұйымдастырылуда. Қайраткердің қаламгерлігі мен журналистика саласына сіңірген еңбегі және азаматтық асыл қасиеттері бүгінгі ұрпаққа үлгі. Оның өмір жолы мен шығармашылығын насихаттауға арналған іс-шараның бірі Абай атындағы орталық кітапханада өтті.
«Журналистиканың қара нары» атты ақпараттық шолуда Баттал Жаңабайұлының жемісті еңбегі мен шығармашылығы жайында мағлұмат берілді. Іс-шараны ұйымдастырушылар кітапхана қорындағы автордың «Сөз құдіреті» және «Жақсылардың шуағы» кітаптарын оқырманға таныстырды.
Жиын барысында оқырмандар абыз қаламгердің ғибратты ғұмыры мен көркем болмысын бейнелейтін көрініске куә болды.
Нұржан ӘЛІШ
Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың арқасында биіктерді бағындырып келеміз
- Бүгін, 16:20
Аудит тексерісі нені анықтады?
- Бүгін, 16:13
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




