ал 2029 жылы 20 миллионға жетеміз, – дейді Статистика комитетінің төрағасы
Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің төрағасы Әлихан Смайыловтың айтуынша, жақсы көрсеткіштерді барлық салалардан көруге болады. Мысалы, өткен жылдың қаңтар-қарашасында дүниеге келгендер саны 368,9 мың адамды құрап, 2013 жылғы қаңтар-қарашаға қарағанда 5,8 мың адамға немесе 1,6%-ға көбейген. Ал осы кезеңде өмірден озғандар саны 120,8 мың адам болып, 2013 жылғы қаңтар-қарашаға қарағанда 5,9 мың адамға немесе 4,7%-ға азайған. Статистика комитеті төрағасының болжамы бойынша қазақстандықтар саны 2029 жылы 20 миллионға жетпек. Сондай-ақ, еліміздегі халықтың басым көпшілігін жастар құрап отыр екен. Мысалы, 15 жасқа дейінгі балалар – 27,3%, ал 16 жастан зейнет жасына дейінгі еңбекке жарамды азаматтар 62% болса, зейнет жасынан бастап қариялар – 10,8%, ал 14 пен 28 жас аралығындағы жастардың үлесі 25% болған. Сонымен қатар, өткен жылдың қаңтар-қарашасында республика халқының табиғи өсімі 2013 жылдың қаңтар-қарашасымен салыстырғанда 11,6 мың адамға немесе 4,9%-ға артып, сандық көрсеткіші 248,1 мың адамды құраған. Өсіп, өркендей берейік, ағайын! «Ақ жол-Ақпарат».
Ұқсас жаңалықтар
Технологияны енгізіп, түбегейлі өзгеріс жасау қажет
- 28 қазан, 2025
АҚШ-тағы қазақтардың алғашқы құрылтайы: ұлттық бірлікке жаңа қадам
- 30 қыркүйек, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




