Былтыр «Жыл композиторы» атанып, Қарағанды облысы әкімі сыйақысын иеленген.
Есжан Сарманқұлұлы қазақтың ақиық ақындары Қасым Аманжолов, Тұманбай Молдағалиевтердің өлеңдеріне ән жазса, Серік Ақсұңқарұлы, Серік Тұрғынбекұлы, Несіпбек Айтұлы, Ғалым Жайлыбай, Әлібек Шегебай, Серік Сейтман, Зағыпар Шакентаев, Ерғожа Тілепбердиев, Қайрат Асқар және тағы басқа поэзия саласында қалам тартып жүрген ақындармен шығармашылық байланыста.
Есжанның шығармашылық кештеріне қазақ эстрадасының жұлдыздары Нұрлан Өнербаев, Досымжан Таңатаров, Мадина Садуақасова, Айбек Мұхамбетәлі, Гүлмира Сарина, Ғани Мәтебаев, Сейіл Аяған, Меруеш Башай, Саят Әбдіғали қатысып, ән шырқап жүр.
Есжанның отаншылдық-патриоттық рухтағы «Азаттық жыры», «Жас ұландар», «Мәңгілік ел», «Ардагерлер», «Асқақта, елім», «Нүркеннің қырандары» «Бүлдіршіндер» әндері талай жас буынның жүрегінен жол тапқан. Әулиеаталық ақын Ғайни Әлімбекқызының бірнеше өлеңіне ән жазды.
Жақында Есжан Әміров Қазақстан Композиторлар одағының мүшесі атанды. Осы жаңалық үшін қазақ халқынан сүйінші сұраған ақиық ақын Серік Ақсұңқарұлы: «Сүйінші! Есжан Әміров Қазақстан Композиторлар одағының мүшесі болды. Ол елі сүйсініп айтатын көптеген ғажап әндердің авторы. Атағы Атырау – Арқа, Алатау – Алтай арасына мәшһүр болып, қазақ елін әнмен тербеткен Шәмші Қалдаяқовтың өзі композиторлық билетті қолына ұстай алмай, арманда кетіп еді... Жаңа Қазақстан деген міне, осы. Қанатты да, талантты ұлдарын бауырына басып, үкілеп жатыр! Елім деген баласын басына көтеріп жатыр!», – деп ағынан жарылуы бекер емес.
Бұл жаңалыққа композитордың туған мекені Әулиета жері, Байзақтың қырат белестері де шат-шадыман қуанатыны, қуанғаны рас. Қазақ елі Есжанның есті әндерімен сусындай беретіні анық.
Есет ДОСАЛЫ
Ұқсас жаңалықтар
Санада серпіліс тудырған алып тұлға
- Бүгін, 04:03
Біз шынайы өмірден алыстап барамыз ба?
- Бүгін, 03:41
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




