Мемлекеттік қызметтегі жүйелі реформалар талқыланды
Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев облысымызға жұмыс сапарымен келген ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаевпен бірге мемлекеттік қызметкерлермен кездесіп, бірқатар нысандарды аралады. Облыс активі және агенттіктің облыс бойынша департаменті мен Мемлекеттік басқару академиясы филиалының қызметкерлерімен өткен кездесулерде мемлекеттік қызмет саласында «Әділетті Қазақстан» қағидаттарына сай келетін жүйелі реформалар жүзеге асырылып жатқандығы айтылды.
Басқосу барысында мемлекеттік аппараттың жұмысын бюрократиядан арылту, мемлекеттік қызметті алуда әкімшілік кедергілерді жою және халықтың билік институттарына деген сенім деңгейін арттыру мәселелері назарға алынды. «Мемлекеттік қызметті түбегейлі жаңғыртудың басты мақсаты – халық үніне құлақ асатын мемлекеттік аппаратты қалыпт астыру » екендігіне көңіл бөлінді.
Дархан Жазықбаевтың айтуынша, өткен жылы «е-Qyzmet» жүйесін жаңғыртуда кешенді жұмыстар жүргізіліп, сыртқы порталда мемлекеттік қызметке жаңа іріктеу алгоритмі әзірленген және конкурстық рәсімді өткізу форматы қайта қаралған. Жаңа жүйеге биыл 22 мемлекеттік орган қосылса, Жамбыл облысы бұл жүйеге келесі жылы қосылады деп жоспарлануда.
Ербол Қарашөкеев мемлекеттік қызметшілердің кәсіби біліктілігін арттыру мен мемлекеттік қызмет жүйесіне заманауи технологияларды енгізу ісін белсенді жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.
Сондай-ақ, облыс әкімі мен агенттік төрағасы Тараз қаласындағы Халыққа қызмет көрсету орталығына барып, қызмет алушылардың заңды құқықтарын сақталуы мен ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз ету барысымен танысты.
Айта кетейік, бүгінгі таңда мұндағы 1414 бірыңғай байланыс орталығына жыл басынан бері тұрғындардан 449 158 қоңырау түссе, есепті кезеңде 1354 мемлекеттік қызмет түрі бойынша онлайн кеңес берілген. Бұдан бөлек, аталған орталық 61 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді.
Бұл күні Қ.Рысқұлбеков атындағы саябақта жергілікті зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, студенттер, еріктілердің қатысуымен ағаш көшеттерін отырғызу рәсімі өтті. Дәл осындай игі іс-шара және экологиялық тазалық жұмыстары облыстың барлық аудандарында ұйымдастырылды.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
Мемлекеттік қызметшінің Әдеп кодексін сақтау
- 19 желтоқсан, 2024
Даңғазалық па, мақтангершілік пе?
- 19 желтоқсан, 2024
Ақпарат
Қаратау қаласында биыл 17 балалар ойын алаңшасы ел игілігіне берілді
- 6 желтоқсан, 2024
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді