
Ұлттық ою ұлықталды
Қазақтың әр оюында ұлағат бар. Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі қарсаңында мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күнінің аясында өткен «Ұмыт болған оюлар» фестиваліне қатысқан қолөнершілер осылай дейді. Тараз қаласы әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен, Тараз қалалық әкімдігінің қолдауымен, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған арнайы шара биыл да дәстүрден жаңылмай 13 бірдей қолөнершінің басын бір арнаға тоғыстырды.
– Фестивальға қатысып жүрген қолөнершілеріміздің қатарында көп балалы, ерекше баланы тәрбиелеп отырған, асыраушысынан айырылған аналарымыз бар. Олар тұрмыс тауқыметін сезініп жүрсе де ата өнеріміздің өлмеуіне, жандануына себепкер болып жүр. Фестивальде шеберлеріміз оюды қаншалықты зерттегеніне, мәнін қаншалықты аша алғанына мән бердік. Сонымен қатар, олардың шараға киіп келген ұлттық нақыштағы киімдеріне де назар аудардық, – дейді өңірге белгілі ісмер, қолөнер шебері Анар Бексұлтанова.
Фестивальға қатысушы жеңімпаз қолөнершілерді Тараз қаласы әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Бақыт Тоқсанбаева арнайы марапаттап, мерекеге ізгі тілегін білдірді. Дәстүрлі шара концерттік бағдарламаға ұласты.
Ақнұр ЗЕТТУЛЛА,
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің 4-курс студенті.
Ұқсас жаңалықтар
Білімді, тәрбиелі жастар – ел болашағы
- 22 мамыр, 2025
Отан үшін от кешкен Оразбек ата
- 20 мамыр, 2025
Ақпарат
Енді Алакөлге қатынау жеңілдейді – Көлік министрлігі
- 20 мамыр, 2025
TOP-10: Еліміздегі ең танымал спорт түрлері қандай?
- 6 мамыр, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді