Үлгілі отбасылардың өнегесі
Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамында белгіленген күннің бірі «Шаңырақ» күні. Бұл күн де облыс деңгейінде аталып өтті. Бұл күні отбасылық құндылықтарымызды дәріптеуге, өнегелі ұрпақ тәрбиелеген үлгілі отбасыларға арналған мәдени іс-шаралар ұйымдастырылды. Атап айтсақ, Тараз қаласындағы «Анаға тағзым» отбасын қолдау орталығында «Өнегелі отбасы – ел тірегі» тақырыбында іс-шара өтті. Оған бір шаңырақ астында жарты және ширек ғасыр бойы тату-тәтті ғұмыр кешіп келе жатқан бақытты отбасындағы ардақты әкелер мен ақ жаулықты аналар қатысты.
Іс-шара барысында отбасылық құндылықтар дәріптеліп, аға буын өкілдері өз тәжірибелерімен бөлісті.
Сондай-ақ, бұл күні АХАТ бөлімінің маманы Жансая Дүйсекова жақында ғана шаңырақ көтеріп, отбасын құрған жастарға неке куәлігін табыс етті. Ал, Жуалы ауданында жаңа босанған аналарға құрмет көрсетілді. Сонымен қатар, бұл күні аудандық мәдени демалыс орталығында бірқатар өнегелі отбасыларға сый-сияпат жасалды.
Мұндай іс-шаралар басқа аудандарда да лайықты жалғасты. Айта кетейік, жыл басынан бері өңірімізде 1526 сәби жарық дүние есігін айқара ашса, өткен жылы 7572 ұл-қыз өмірге келген екен.
Гүлсім ДӘУЛЕШ,
М.Х.Дулати атындағы ТарӨУ-нің веб-журналистика мамандығының 4-курс студенті.
Ұқсас жаңалықтар
Санада серпіліс тудырған алып тұлға
- 13 желтоқсан, 2025
Біз шынайы өмірден алыстап барамыз ба?
- 13 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




