Жамбыл облысында 6 баланың анасы такси жүргізушісі
Жамбыл облысында 6 баланың анасы жолаушы тасымалымен айналысады,- деп хабарлайды aqjolgazet.kz сайтының тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Ботагөз Хасенова көлік жүргізуге бала кезден қызыққан. Бұл қызметін жолдасы мен отбасы да қолдаған. Осылайша, келіншек кәсібінен нәсібін тауып жүр. Ботагөз алғаш рет темір тұлпарды 9-сыныпта тізгіндеген. «Ауылда ауызсу болмай, тұрғындар көрші ауылға қатынайтын. Сол кезде тіршілік нәрін тасу үшін мотоцикл рөліне отырдым», – дейді. Содан бастап техникаға деген құштарлығы арта бастаған.
«Бала кезде қызық көретінбіз. Велосипедтен бастадық қой. Одан кейін мотоцикл айдадым. Жигули, Москвич деген автокөліктер болушы еді. Соларды көшеде, осы ауыл арасында айдайтынмын», – дейді Ботагөз Хасенова.Ботагөз 20 жыл бұрын Бірлесу-Еңбек ауылына келін болып түскен. Бүгінде 6 баланың анасы. Көпбалалы ана жүргізушілікті 4 жыл бұрын кәсіп еткен. Бастапқыда аудан орталығынан азық-түлік алып келсе, одан кейін ауылдастары облыс орталығына жеткізіп салуды өтінген.
«Үлкен қызым 19-ға толды. Студент. Қалада ақылы университетте оқиды. Соған күйеуіме кішкене жәрдемдесейін деп жүрмін, ақшаның артықтығы болмайды ғой. Оның үстіне өзімнің бала кезден арманым – осы машина айдау, көлік жүргізу», – деп атап өтті ол.Қазір Ботагөздің тұрақты жолаушылары бар. Көбі оны «сенімді жүргізуші» дейді. Автокөлік айдауға әбден машықтанған келіншек күндіз-түні жолға шығуға жүрексінбейді. Жүргізушінің жолдасы техникалық жөндеу орталығында жұмыс істейді. Келіншегінің көлігінен кінәрат табылса, қалпына келтіріп қолдау көрсетуге әрдайым дайын. /фото ашық дереккөзден алынды
Ұқсас жаңалықтар
Үш жүзден аса еңбек құқығы бұзылған
- Бүгін, 02:56
Ақпарат
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді