Өрт-тактикалық сабақ өтті
Шу ауданы, Төле би ауылындағы С.Шәкіров атындағы орта мектептің ғимаратында өрт сөндіруші-құтқарушылар өрт-тактикалық сабақ өткізді. Аталған шараның тактикалық ойламасы бойынша мектеп сыныптарының біріндегі электр сымдарының қысқа тұйықталуы нәтижесінде өрт шығып, «қызыл жалынның» одан әрі таралу қаупі туындады. Өрт сөндіруші-құтқарушыларды көмекке шақырған мектеп қызметкерлері құтқарушылар келгенше қолда бар құралдармен өртті сөндіру, адамдарды қауіпсіз орынға көшіру жұмыстарымен айналысты. Ал шартты өрт оқиғасы орнына Төле би ауылының №19 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушылары жедел жетіп, одан әрі өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізді.
Дайындаған Жүрсінгүл ЖАҚЫП.
Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың арқасында биіктерді бағындырып келеміз
- Бүгін, 16:20
Аудит тексерісі нені анықтады?
- Бүгін, 16:13
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




