Бейнебақылау камераларының көмегімен...
Енді «Сергек» бейнебақылау камераларының көмегімен өртке байланысты тәуекелдерді анықтауға болады. Төтенше жағдайлар департаменті жедел кезекшісінің бөлмесіне Тараз қаласында орнатылған жалпы бейнебақылау камераларын қосу бойынша жұмыстар жүргізілді. Нәтижесінде, қала шегінде және жақын маңдағы елді мекендердегі 1250 камераға қосылу қамтамасыз етілді, сондай-ақ 3 километрге дейінгі жақындату функциясы бар.
Қаладағы өрттерді ерте анықтау және жағдайды мониторингілеу процесін цифрландыру департаменттің басым міндеті болып табылады. Осыған байланысты қазір орман алқаптарында камералар орнату және қаланы толық қамту үшін биік ғимараттардағы камераларды одан әрі ұлғайту мәселесі пысықталуда. Айта кету керек, бейнебақылау камераларының болуы, қала аумағында өрттер мен жануларды тез және уақтылы сөндіру үшін қажетті күштер мен құралдарды бағыттау бойынша шешім қабылдауда тәуекелдерді нақтылауға мүмкіндік береді.
Дайындаған Жүрсінгүл ЖАҚЫП.
Ұқсас жаңалықтар
«Мен оларды өз балаларымдай көремін»
- 10 ақпан, 2026
Ер– елдің қорғаны ғана емес, мақтанышы
- 10 ақпан, 2026
Ақпарат
Таразда таңды-таңға ұрып қисса айтатын жігіт бар
- 10 ақпан, 2026
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




