Базарда болған өртке талдау жүргізілді
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасарлары Руслан Орынбеков пен Ералы Ақылбековтің қатысуымен Тараз қаласындағы «Омар ата» базарының аумағында 11 наурызда орын алған өрт бойынша талдау жүргізілді. Аталған шараға өрт сөндіру қызметі басқармасы аппаратының қызметкерлері мен қалалық, аудандық өрт сөндіру бөлімдерінің офицерлері, сондай-ақ диспетчерлер қатысты. Өрттің орын алу жайын талдау барысында оқиға кезінде туындауы ықтимал қандай да бір келеңсіздіктерге жол берілмеу үшін тиісті ұсыныстар да қарастырылды.
Еске сала кетсек, «Омар ата» базарының аумағында орналасқан қойма жайларында орын алған өрт оқиғасы сағат 10.45-те оқшауланып, сағат 12.46-да жойылған болатын. Өрт сөндіруші-құтқарушылардың күшімен ғимараттар мен жақын маңдағы құрылыстардың аумағына «қызыл жалынның» таралуына жол берілмеді. Оқиға орнында өрт сөндірушілер мен құтқарушылардан басқа, Апаттар медицинасы орталығы филиалының психологтары мен қызметкерлері жұмыс атқарды. Сондай-ақ, өрт орын алған жерде азаматтық қорғау қызметтері мен тиісті органдардың өкілдері де болды. Өрттен қаза болғандар мен зардап шеккендер тіркелмеген. Дегенмен төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарына өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды ескертеді.
Дайындаған Жүрсінгүл ЖАҚЫП
Ұқсас жаңалықтар
Санада серпіліс тудырған алып тұлға
- Бүгін, 04:03
Біз шынайы өмірден алыстап барамыз ба?
- Бүгін, 03:41
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




