30 отбасының шаттық шаңырағына айналатын тұрғын үйдің құрылысын “UMTYLYS INVEST COMPANI” ЖШС жүргізген. Мұнда 1 бөлмеден бастап, 4 бөлмелі пәтерлер де орналасқан. Бұл жобаның бір ерекшелігі - тұрғындар алған пәтерлерінің 30 пайызын алдын ала төлесе, қалған бөлігін 5 жылға пайызсыз төлейтін болады. Демек, сіз 10 миллионға пәтер алсаңыз, 3 миллион теңгесін бірден төлеп, қалған 7 миллионын 5 жылдың ішінде үстемеақысыз төлей аласыз. Осылайша, серіктестіктің негізін қалаушы, жеке кәсіпкер Арман Абаев жерлестерімізге пәтерге қол жеткізудің дәл осындай ыңғайлы тәсілін ұсынып отыр.Пайызсыз баспана алған Дидар Сандыбайқызы ұйымдастырушыларға алғысын білдірді. Халыққа тиімді, жайлы, жылы тұрғын үйлер көбейе берсін дейді, жаңа баспана иесі. “Аллаға шүкір бүгін кілтті алып жатырмыз. Рақмет. Үйі жоқтарға жұғысты болсын. Қарап шықтым, өте керемет ұнады. Жылы. Ойымдағыдай болды.” - дейдіЖұртшылыққа қолайлы жоба біраз жанға баспаналы болу мүмкіншілігін сыйлады. Жерлестерімізге тиімді шартты ұсынып отырған кәсіпкердің бұл қадамы үлкен көмек.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




