Жас журналистерге бағыт берді
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті «Журналистика және филология» кафедрасының студенттері облыстық «Jambyl» телеарнасы директорының орынбасары, тележурналист Айбол Қарашевпен кездесті. Журналистің шығармашылық шеберханасы кабинетінде өткен басқосуда «Jambyl» телерадиоарнасының тыныс-тіршілігі туралы айтылып, жастарға ақыл-кеңес, бағыт-бағдар берілді.
– Журналист болам деген кез келген жас өңірде, елімізде, жалпы әлемде болып жатқан жаңалықтарды біліп отырғаны жөн. Ол аса қиын шаруа емес. Егер смартфондарыңыздан ресми мәлімет тарататын ақпараттық сайттарға тіркелсеңіздер, жаңалықтар қалта телефоныңызға сәт сайын өзі-ақ түсіп тұрады. Соларға көз жүгірту арқылы-ақ қоғамда болып жатқан жағдайлардан хабардар болып отырасыз, – деген Айбол Қарашев диктор болуға қызығатын жастарға жаттығулар мен таным- көкжиекті арттыруға бағытталған кеңестер берді.
Білімгерлер аймақтың айнасы – «Jambyl» телерадиоарнасының жұмысы туралы да сұрап, біраз мағлұматқа қанық болды.
Ал, үшінші курс студенттері Д.Асқар фейк мәліметті қалай анықтайтынын сұраса, С.Серікболсын блогерлік пен оның болашағы туралы сауал жолдады. Ал, Г.Жұмаділ Айбол Қарашевтің әлеуметтік желідегі жазбаларын тұрақты оқып тұратынын айтып, «әлемде талай қызық бар» айдарына келетін қызғылықты, танымдық, тағылымдық дүниелерді қайдан алатынын сұрады. Бұдан өзге де сауалдар көптеп қойылып, әрқайсысына жеке-жеке тоқталған қонақ тағы да біраз мағлұмат берді.
Айгүл АНУАРБЕКОВА,
журналист.
Тараз қаласы
Ұқсас жаңалықтар
Санада серпіліс тудырған алып тұлға
- Бүгін, 04:03
Біз шынайы өмірден алыстап барамыз ба?
- Бүгін, 03:41
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




