Жастарда жауапкершілік жүгі мол
Қазіргі таңда жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі. Құқық қорғау органының негізгі қызметі – кәмелетке толмағандардың арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу және болдырмау, құқықтық сауаттылықты арттыру, заңсыз іс- әрекеттер жасаудан қорғау, жас ұрпаққа заңға бағынушы азамат ретінде құқықтық тәлім-тәрбие беру.
Сондықтан Қазақстан Республикасының әр азаматының міндеті – заң талаптарын сақтау, өзге адамдардың құқығын бұзбау, өзіне жүктелген міндеттерін жете біліп, орындау. Заңды білмеу, оны бұзу – жауапкершіліктен құтқармайтынын жас ұрпаққа үнемі түсіндіреміз.
Бұдан бөлек, Талас ауданы прокуратурасы аудандық білім бөлімі мен кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу бағытында іс-шаралар жүргізу жоспары бекітілген.
Жоспарға сәйкес, отбасылық зорлық-зомбылық, нашақорлық, кереғар діни ағымдар мен секталардың іс-қимыл тәсілдері, өз-өзіне қол жұмсауға жол бермеу жөнінде аудан аумағында орналасқан мектептерде жоғары сынып оқушыларының қатысуымен түсіндіру лекция-семинарлары апта сайын жүргізілуде.
Талас ауданының прокуратурасы мен білім бөлімі аудандағы жастар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу мен бұқаралық спорт түрін насихаттау мақсатында жастармен кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықтың профилактикасы және этносаралық келісім эстафеталық жарыстарын өткізді.
Жарыс бірнеше кезеңнен тұрды. Оған Қаратау қаласының орта мектептері оқушыларынан құралған командалары қатысып, олар спорттың волейбол, баскетбол, футбол түрлері бойынша бақ сынады.
Аталған іс-шаралардың мақсаты – соңғы уақытта аудан аумағында кәмелетке толмағандар арасында жасалатын құқықбұзушылықтың алдын алу, олардың бос уақыттарын пайдалы және тиімді ұйымдастыру, елімізге дені сау ұрпақты тәрбиелеу.
Қаратау қаласындағы N1 лицейінде өткен спорттық шараға Қаратау қаласының барлық мектептерінің оқушылары қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша бас командалар диплом және медальдармен марапатталды. Бұл бағыттағы іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады.
«Ел болам десең, бесігіңді түзе» деп дана қазақ халқы айтқандай, бүгінгі жастар еліміздің болашағы.
Болашағымыздың ғұмырлы, салиқалы болуын қаласақ, жасөспірімдердің тәрбиесіне көңіл бөліп, қадағалауына атсалысуымыз қажет.
Талас ауданының прокуратурасы.
Ұқсас жаңалықтар
Болашақ сарбаздар бірқатар сараптамадан өтуге міндеттелді
- 29 қазан, 2024
Кітапханадағы келелі кездесу
- 29 қазан, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді