Ана – қоғамның тірегі, отбасының шуағы
Халықаралық әйелдер күніне орай облыс әкімі Ербол Қарашөкеев «Анаға тағзым» орталығында түрлі салада еңбек етіп, өңірдің дамуына елеулі үлес қосып жүрген нәзікжанды кәсіпкерлермен, қоғам белсенділерімен және көпбалалы аналармен кездесті. Аймақ басшысы әйелдер қауымын мерекемен құттықтап, олардың қоғамдағы орны ерекше екенін атап өтті.
– Әр адам үшін ана ұғымы – ең қасиетті, ең қастерлі сөз. Себебі, Ана – қоғамның тірегі, отбасының шуағы, береке-бірліктің шырақшысы. Қазіргі таңда облысымызда 46 мыңнан астам көпбалалы ана болса, оның ішінде, «Алтын алқа» иегерлері 6 мыңға жуық, «Күміс алқа» иегерлері 11 мыңнан асады. Бұдан бөлек, өңірімізде жүз жасаған және асқан 40-қа жуық қарт әжеміз бар, – деген облыс әкімі мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді.
Өз сөзінде ұлағатты ұстаз Сәуле Айдарбекова, судья Гүлнар Асылбекова, жеке кәсіпкер Тоты Сәрсенбаева мен «Алтын алқа» иегері, көпбалалы ана Оксана Лобанова және тағы басқалар мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау мен қамқорлықтарға деген шынайы ризашылықтарын жеткізді. Олар өз жетістіктерімен бөлісіп, ұсыныс-пікірлерін білдіріп, жергілікті атқарушы органдардың көпбалалы отбасыларға көрсетіп жатқан көмегі үшін алғыстарын айтты. Сонымен қатар, оқушы, айтыскер ақын Алина Айдаралы аяулы аналарға арнап, жүрекжарды жыр шумақтарын тарту етті.
Жиынға қатысушылар ұлттық салт-дәстүрдің өскелең ұрпақ тәрбиесіндегі рөлі, білім мен денсаулық сақтау, кәсіпкерлік саласын дамыту, ұрпақтар арасындағы сабақтастық, неке мен отбасы институтын қорғау және нығайту мәселелеріне тоқталды.
Кездесу соңында облыс әкімі бірқатар нәзікжандыларға Мемлекет басшысының құттықтау хатын табыстады.
Сондай-ақ, аймақ басшысы орталықтың жұмысымен танысып, үйірмелерді аралап көрді.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
Мемлекеттік қызметшінің Әдеп кодексін сақтау
- 19 желтоқсан, 2024
Даңғазалық па, мақтангершілік пе?
- 19 желтоқсан, 2024
Ақпарат
Қаратау қаласында биыл 17 балалар ойын алаңшасы ел игілігіне берілді
- 6 желтоқсан, 2024
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді