Өмір – Өлім күресі
Жамбыл облыстық көпбейінді онкология және хирургиялық орталықтың өкпе және іш құрылыс бөлімінің меңгерушісі Арапов Ерасыл Бақытжанұлына арнауым. Өмір. Өлім. Сөнбейтін сөз санадан,
Екеуінің де дәмін татар бар адам.
Өмір – қысқа. Ақырет дүние мәңгілік,
Таңсық емес. Болмайды саған қалаған.
Көз ілместен ататұғын таңдар бар,
Әсер етпес мұндай сәтте заңғарлар.
Өмір - күрес. Білек күшке бағынбас,
Ал, өмір үшін күресетін жандар бар.
Тіреседі өзгенің өмірі үшін,
Белгілі жайт емес бұл көңіл үшін.
Өмір - өлім сәті бұл текетірес,
Сарқуға да сәл қалар бойда күшің.
Пышақ қайда? Үз тамырын өлімнің,
Алладан сұрап, сақтайықшы өмірін.
Өзгелерге болғанымен өнегелі, өсиет,
Бұл жағдай тек, оташыға тән қасиет.
Марапат, алғыс мол болсын үлесіңде,
Жаралған жансың өмір үшін күресуге.
Барлық адам тек сенің тілеуқорың,
Үстем бол, әркез, Өмір үшін күресуде.
Ізгі ниетпен, Жанбайбек ТҮГЕЛОВ
Ұқсас жаңалықтар
Санада серпіліс тудырған алып тұлға
- 13 желтоқсан, 2025
Біз шынайы өмірден алыстап барамыз ба?
- 13 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




