Жыршы-термешілер орталығы ашылды
Алғыс айту күні қарсаңында Таразда айтыскер ақындар мен жыршы-термешілер орталығы ашылды. Жыр алыбы – Жамбыл Жабаевтың атымен аталатын ғимарат ғибратқа толы рухани әлемге айналатыны сөзсіз. Орталықтың салтанатты ашылу жиынына зиялы қауым өкілдері де қатысты. Іс-шараға жиналған қонақтар әуелі орталықпен танысты. Сондай-ақ, айтыскерлердің жыр додасына дайындалып жатқан сәті тамашаланды. Ақын Есет Досалы қолына домбыра ұстап, өлең өрген қос шәкіртінің өнеріне көпшілік көңілін бұрғызды. Қонақтардың ішінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, ақын Аманжол Әлтаев та бар. Жаңа шығармашылық үйінің алғашқы тынысымен танысқан қонақтар екінші қабаттағы мәжіліс залына көтерілді.
БАҚ өкілдері мен өнерсүйер қауым бас қосқан жиынды орталықтың директоры болып тағайындалған Қазақстан Республикасы Мәдениет саласының үздігі Ахметжан Өзбеков тізгіндеді. Жиында алғашқы сөз облыс әкімінің орынбасары Әбілхайыр Тамабекке берілді.
– Осы орталықтың ашылуына арнайы айтыскер ақындарымыз келіп отыр. Барлықтарыңызға шығармашылықта сәттілік тілеймін. Бұл орталық Жамбыл өңірінің жыршыларына үлкен серпін берер деп үміттенеміз. Ақындардың мол жетістіктерге жетуіне ықпал етері анық. Алғыс айту күніне тұспа-тұс келген салтанатты мерекемен баршаңызды құттықтаймын!–деді Әбілхайыр Ғалымұлы. Ал, көпшілікке лебізін жолдаған ақын Аманжол Әлтаев «Алла қаласа санаулы уақыттардан кейін «Жамбыл – менің жай атым, халық – менің шын атым!» атты республикалық ақындар айтысын тамашалаймыз. Бұл айтыс сегізінші мәрте көне Тараздың төрінде ұйымдастырылып жатыр. Осындай орталық айтыскер ақындарға ауадай қажет. Баршаңызға сәттілік тілеймін!», – деді.
Жиынға қатысқандар рухани әңгімелерден мол әсер алып, іс-шара ақындар айтысымен жалғасатындығы хабарланды.
Нұржан ӘЛІШ
Ұқсас жаңалықтар
Санада серпіліс тудырған алып тұлға
- 13 желтоқсан, 2025
Біз шынайы өмірден алыстап барамыз ба?
- 13 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




