Өлеңімнің әр жолы – өмірбаян
М.Өзбеков атындағы Т.Рысқұлов аудандық Мәдениет үйінде «Ел болып оқимыз» жобасы аясында аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын, «Құрмет» орденінің иегері Шырын Мамасерікованың шығармашылығына арналған «Өлеңімнің әр жолы – өмірбаян» атты кездесу кеші өтті. Ақын шығармашылығына арналған кешті аудан әкімінің орынбасары Әлібек Терлікбаев сөз сөйлеп ашып, ақынның әр алуан лирикалық өлеңдерінің жастар үшін тәрбиелік маңызы зор екенін атап айтып өтті.
Бұдан соң облыс әкімдігінің қолдауымен Шырын Мамасерікованың «Елге деген махаббат» атты жыр жинағының тұсаукесер рәсімі болды. Аудан әкімінің орынбасары Әлібек Терлікбаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қожайхан Бижанов және Қазақстан Жазушылар одағы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы, облыстық «Aq jol» газетінің бас редакторы, ақын Хамит Есаман кітаптың лентасын қиды. Жерлестерінің атынан ақынға алғыс айтып, жылы лебіздерін білдірді.
Аталған кездесу кешіне келген көпшілікке ақынның өмір және өнер жолын баяндайтын бейнебаян көрсетілсе, кітапханашылар мен оқырмандар ақынның жүрекжарды жыр шумақтарын оқыды. Сахнада ақынның өмір және өнер жолынан алынған сахналық қойылым көрерменге жол тартты.
Шырын Мамасерікованың «Өмірімнің әр жолы – өмірбаян» атты кездесу кешінде кітапхана қызметкерлерінің орындауында ақынның сөзіне жазылған Дүйсенәлі Бықыбаевтың «Еліктей ерке қыз», Лесбек Амановтың «Айтшы жаным» әндері шырқалды.
Ақын Шырын Мамасерікова көпшілікке алғыс айтты.
Бинура ЖАҚЫПБАЙ.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді