Жауапкершілік деңгейін арттырады

Жауапкершілік деңгейін арттырады
ашық дереккөз
Жауапкершілік деңгейін арттырады
Биыл Қазақстан халықаралық күн тәртібін қалыптастыратын негізгі ел болады. Қазақстанның Шанхай ынтымақтастық ұйымына, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске, Түркі мемлекеттері ұйымына, Аралды құтқару халықаралық қорына, Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымына төрағалық етуі елімізде ғана емес, әлемде де бейбітшілік пен амандықты сақтау үшін жауапкершілік деңгейін арттырады. Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты Азиялық зерттеулер бөлімінің басшысы Айдар Құрмашевтің айтуынша, Қазақстанның сыртқы саясаты қазіргі геосаяси сілкіністер аясында жүйелілігімен, салмақтылығымен және бейбітшілікті жақтаушылығымен ерекшеленеді. Бұл–біздің бастамаларымызға халықаралық сенім мен қолдаудың негізі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «С5+» үлгісін және оның халықаралық аренадағы өңір елдерінің ұстанымдарын нығайтудағы рөлін үнемі ат ап өтіп, экономикалық даму үшін мультипликативтік әсер алу үшін стратегиялық әріптестікті тереңдету ұмтылысына назар аударып келеді. Бұл – Қазақстанның өңірлік бастамаларды дамытуда және Орталық Азия елдері арасындағы ынтымақтастықты нығайтуда белсенді рөл атқаруға с ана лы түрде ұмтылатынының белгісі. Соңғы жылдары Қазақстан елдер мен халықаралық ұйымдар көшбасшыларының тартымдылығы мен сындарлы диалогының орталығына айналғаны кездейсоқ емес. Биыл Астана халықаралық форумы, One Water Summit, сондай-ақ Орталық Азиядағы қауіпсіздік және ынтымақтастық форумы сияқты маңызды іс-шаралар өтеді.  

Дайындаған Жүрсінгүл ЖАҚЫП.

   

Ұқсас жаңалықтар