
Жастарға 1 миллион теңгеден грант беріледі
Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысының міндетін атқарушы Дархан Дәуренбеков пен «Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры Теміржан Ізтілеуов БАҚ өкілдерімен кездесті. Онда облыс бойынша «Zhas project» жобасы аясында жастар жобаларына гранттар бөлу туралы сөз болды. Жоба мақсаты – NEET санатындағы жастар арасында кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау.
Осы жылы бұл жоба еліміздің 20 өңірінде іске асырылады. NEET санатындағы 18-ден 35 жасқа дейінгі азаматтардың проблемаларын шешуге бағытталған. Әлеуметтік жобаларға конкурстық негізде 1 000 000 теңгеге дейінгі сомаға шағын гранттар беру көзделген.
– Бұл жоба жұмыс пен білім беру саласынан тыс, уақытша жұмыс істемейтін, білім беру ұйымдарында оқымайтын немесе кәсіптік даярлаудан, қайта даярлаудан өтпейтін жастар қамтылады. Сонымен қатар, жобаға қатысушылар келесі критерийлерге сай болуы керек. 18 бен 35 жас аралығындағы жастар өтінім беру сәтінде өңір аумағында тұрақты немесе уақытша тіркелуі тиіс. Өтініш беруші өтінім берген сәтте уақытша тұрақсыз жастар мәртебесінде болуы қажет, – дейді Дархан Нұрланұлы.
Сондай-ақ, әлеуметтік жобаларға қойылатын талаптарға қысқаша тоқталып, жоба жергілікті қоғамдастықтың әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталуы керектігін және ол 4 айдан аспайтын мерзімде іске асырылуы тиіс екенін айтты. Ал, өз кезегінде сөз алған Теміржан Серікұлы «Zhas Project» шағын гранттар конкурсын өткізу кезеңдеріне тоқталып өтті.
– Бүгіннен бастап, яғни осы жылдың 19 ақпанынан 24 наурызына дейін конкурсқа әлеуетті қатысушылар үшін ақпараттық-түсіндіру науқаны өткізіледі. Сонымен қатар, жобаны сапалы әрі тиімді іске асыру үшін әр өңірде жобалық кеңсе ашылды, онда кеңес алуға ниет білдірушілер жүгіне алады,–деді спикер.
Ұқсас жаңалықтар
Майдангер аталарының ізін жалғаған
- 29 сәуір, 2025
Әскери шеруге төрт мыңнан астам адам қатыспақ
- 29 сәуір, 2025
Ақпарат
Тоқаев Ассамблея отырысында тіл мәселесін қозғады
- 24 сәуір, 2025
Ақсақалдар тағылымы – адам қоғамның кепілі
- 18 сәуір, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді