Тосынсыйға толы кеш
Ақын, республикалық «Алтын тобылғы» байқауының бас жүлдегері, облыстық «Аq jol» газетінің бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағы облыстық филиалының төрағасы Хамит Есаманның облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін кітапхана ұжымының ұйымдастыруымен Шерхан Мұртаза атындағы «Руханият және тарихтану» орталығының мәжіліс залында өткен «Ақынға 100 сұрақ» атты бенефис кеші ерекше мазмұнға толы болды. Ұйымдастырушылардың өзгеше ізденісі бірден аңғарылды. Мәселен, ұйымдастырушылар кеш иесіне айтпай, ақынның анасынан пікір алған. Сол жағдайға таңданып отырғанымызда ақынға кеш жүргізушісі Гүлнұр Құрақбаева Т.Рысқұлов ауданы, Тереңөзек ауылынан ақынның ата- анасы арнайы келгенін айтты. Сонымен қатар, кездесуге танымал журналист, облыстық «Анаға тағзым» орталығының директоры Эльмира Мырза-Ғали да қонақ болды.
«Хамит бала болып ойнаған жоқ. Өзі дәптерді ортасынан қиып, кітапша жасап, соған жазу жазатын. Үш-төрт жасында әріп таныды, зерек болды. Мектепте 5-6 сынып оқитын кезінен кітаптарды көп оқи бастады. Қалаға баратын болсақ, әдеби кітап сатып әкеліп беріңізші деп өтініш жасайтын. Ерекше бала болды», – деді анасы Бибіхан Әлімқұлова.
Кеш барысында ақынның мектептегі ұстазы, бүгінде Ш.Мұртаза атындағы облыстық «Руханият және тарихтану» орталығының директоры Сауран Қалиев ақынның оқушы кезінен тарих, әдебиет пәндеріне өте зерек болғанын айтса, облыстық мәслихаттың депутаты, Ақпарат саласының үздігі Оралхан Дәуіт ақынның қазіргі қоғамға қосып жатқан үлесіне кеңінен тоқталды.
Хамит Есаманның «Фәни – Құбылыс» атты кітабының брайль қарпіндегі нұсқасының және аудио үнтаспаның тұсауын Оралхан Дәуіт, ақынның әкесі Ерболат Есаман, аталған кітапхана қызметкері Ербол Бегимов қиды. Ақынға «Болашақ» көзі көрмейтін және әлсіз көретін балаларға арналған мектеп- интернаты, «Дарын» мектеп-интернаты және Тараз қаласындағы №12 мектеп- гимназиясының оқушылары сұрақ қойып, жауап алды.
Ақын Хамит Есаман сұрақ қойған мектеп оқушыларына жазушы Жүсіпбек Қорғасбектің «Жансебіл» кітабын сыйлады.
Облыс әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қызметкері Жадыра Құттыбаева мен аталған кітапхана директоры Жанна Алшынбаева сөз сөйлеп, игі тілектерін жеткізді.
Есет ДОСАЛЫ
Ұқсас жаңалықтар
Мемлекеттік қызметшінің Әдеп кодексін сақтау
- 19 желтоқсан, 2024
Даңғазалық па, мақтангершілік пе?
- 19 желтоқсан, 2024
Ақпарат
Қаратау қаласында биыл 17 балалар ойын алаңшасы ел игілігіне берілді
- 6 желтоқсан, 2024
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді