Жұмыссыз жастарды кәсіпкерлікке баулыған ZHAS PROJECT

Жұмыссыз жастарды кәсіпкерлікке баулыған  ZHAS PROJECT
ашық дереккөз
Жұмыссыз жастарды кәсіпкерлікке баулыған ZHAS PROJECT
Өткен жылы NEET санатындағы жастарға арнап «Zhas Project» жобасы іске қосылған. Аталған бағдарламаның мақсаты уақытша бос жүрген жастар арасында кәсіпкерлікті дамытып, қолдау білдіру болатын. Былтыр іріктеуден өткен 18- 35 жас аралығындағы жастар 1 миллион теңге қайтарымсыз грант ұтып, бизнес жобаларын жүзеге асыруға үлкен мүмкіндік туып тұр. Жастарды жоба туралы ақпараттандыру аясында алдағы уақытта NEET санатындағы жастар мен ақпараттық кездесулер ұйымдастырылып, жергілікті атқарушы органдармен және Үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс жүргізіліп, байланыс орталығы құрылады. Олардың қабілетін дамыту үшін ХХІ ғасыр дағдылары, әлеуметтік және бизнес дизайны бойынша онлайн курс өткізіліп, жастарға арналған әлеуметтік және кәсіпкерлік жобаларын дайындау бойынша бір күндік шеберлік сабақтары жоспарға қойылған. – Жобаға Жамбыл, Ұлытау облысы аумағында тұратын және өтінім беру кезінде уақытша бос жүрген жастар қатыса алады. Ол үшін жастар өз өтінімдерін осы жылдың 24 сәуіріне дейін жібере алады. Әлеуметтік жобаларды конкурстық іріктеу 25 сәуірден 14 мамырға дейін жүргізіледі. Конкурс жеңімпаздары туралы хабарландыру 15 мамыр күні шығатын болады. Іріктеуден өткен жастардың жобаны орындау мерзімі үш ай, – деді облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы Жастар ресурстық орталығының директоры Теміржан Ізтілеуов. Сараптамалық комиссия байқау қатысушыларының ішінен одан әрі қаржыландыру үшін 28 жоба таңдалады. Оның 20-сы Ұлытау облысынан, 8-і Жамбыл облысынан. Ішінде шағын гранттарды іске асыру барысында жобалық кеңсе тәлімгерлік қолдауды және 28 жобаны қаржыландыруды ұйымдастырады.  

Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ

Ұқсас жаңалықтар