«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Жұмысқа кел, жас маман!

Жұмысқа кел, жас маман!
ашық дереккөз
Жұмысқа кел, жас маман!
Тараздағы Ы.Дүкенұлы атындағы мәдениет үйінде бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыс бойынша департаменті, «Еңбек мобильдігі орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Тараз қаласы бойынша «Мансап орталығы» филиалының ұйымдастыруымен өткен жәрмеңкеде 17 жұмыс беруші орталықтан 55 бос жұмыс орны ұсынылды. Жәрмеңкеге келушілер орталық мамандары тарапынан бос жұмыс орындары жайлы ақпарат алып, талаптарымен танысты. Жәрмеңкеде ұсынылған бос жұмыс орындарының басым бөлігі мемлекеттік және білім беру саласы бойынша қызметтер. Сондай-ақ, жеке кәсіпкерлер де келушілерді бос жұмыс орындарына қабылдау қызметін жүргізді. ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі облыс бойынша департаментінің бас маманы Саят Төлепбергеновтің айтуынша, бұл іс-шараны өткен жылдан бастап тұрақты түрде ұйымдастыру қолға алынған. – Мемлекеттік қызметтерге ұсынылған лауазымдарға өтініш білдірген азаматтар арнайы конкурстар арқылы іріктеліп, жұмысқа орналасады. Ал, жеке кәсіпкерлер мен арнайы мекеме ұйымдары жұмыс іздеушінің түйіндемесімен танысып, өздеріне қажетті мамандарды т аңдап а лу мүмкіндіктеріне ие, – дейді Саят Нұрсұлтанұлы. Айта кетерлігі, бұған дейін бос жұмыс орындары жәрмеңкесінің өтетіні туралы ақпарат тек әлеуметтік желіде жарияланып келген. Енді алдағы уақытта іс-шара жайлы толық ақпаратты алдын ала теледидар мен газет беттеріне ұсыну көзделіп отыр. Бұл бастама жасы үлкен және әлеуметтік желіні қарауға мүмкіндігі жоқ азаматтарға арнайы қарастырылуда. Ал, жәрмеңке нәтижесі ресми сайттар мен парақшаларда жарияланатын болады.  

Серікболсын СЕРПЕН,

журналист.

Ұқсас жаңалықтар