Құмар ойынның қасіреті көп

Құмар ойынның қасіреті көп
ашық дереккөз
Құмар ойынның қасіреті көп
Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз конференциясына облыс бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің аға жедел уәкілі Асқар Ажиханов және экономикалық тергеу департаментінің аға жедел уәкілі Елдос Хусаин қатысты. «Заңсыз ойын-сауық бизнес пен лудоманияға қарсы күрес туралы» тақырыбында жасаған баяндамасында Асқар Қадырханұлы жағымсыз құбылыстармен күрес халықтың, оның ішінде неғұрлым дамыған елдердің стандарттарына сәйкес келетінін айтты. Сондай-ақ, ол өскелең ұрпақтың әлеуметтік- қоғамдық жағдайының, психикалық денсаулығы мен имандылығының әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін аса маңызды мәселелердің бірі болып отырғанын және заңсыз ойын бизнесі көлеңкелі экономиканың құрамдас бөлігі екенін, оған қарсы күрес еліміздің барлық мемлекеттік органдары, ұйымдары мен азаматтары үшін маңызды екенін жеткізді. Департамент заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру фактілерін жыл сайын облыстың барлық аумағында анықтап, оның жолын кесуде. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 307-ші бабына сәйкес қылмыстық істер тіркелген. Бес жыл ішінде департамент қызметкерлері заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырудың 42 фактісін анықт аған. Осы фактілер бойынша 38 қылмыстық іс сотқа жіберілген. Өз сөзінде Елдос Хусаин заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру фактілерінің ең көбі біздің облысымызда тіркелгенін айтты. – Сала мамандары лудоманияның алдын алу шаралары бойынша жұмыс жүргізуде. Алайда, бір құқық қорғау органының күшімен бұл жағымсыз құбылысты жоюға болмайтыны анық. Лудоманиямен ауыратын адамдар қоғам үшін қауіпті. Бұл азаматтар заңсыз әрекеттерді көп жасайды. Олар туыст ары мен жақындарына зардап шектірумен қатар, мемлекетке де үлкен зиян келтіреді. Бұл ойынға тәуелділер жеткіншектер және еңбекке қабілетті жастағы адамдар,–дейді ол. Асқар Қадырханұлы брифинг берудегі міндеттерін нақтылай келе, жұртшылыққа лудомания және заңсыз ойын бизнесінің мәселелеріне назар аудару өте маңызды екенін ескертті.  

Нұржан ӘЛІШ

Ұқсас жаңалықтар