Біртұтас уақыт белдеуі бірқатар мәселелерді реттейді
1 наурыздан бастап еліміздің 12 облысында жергілікті уақыт бір сағатқа кері шегерілетіні белгілі. Осылайша, батыс өңірлерге бейімделген біртұтас уақыт белдеуі қалыптаспақ. Мамандардың пікірінше, бұл адам денсаулығын тұрақтандыру мақсатында жүзеге асқалы отыр. Өйткені, 1956 жылдан бастап табиғи бөлінісі бойынша 4 уақыт белдеуіне бөлінген еліміз, кейіннен тек 5-ші және 6-шы белдеуге біріктірілген. Дегенмен, мұның өзі әлі күнге дейін нақты бөлініс болып есептелмейді. Себебі, Қазақтанның 12 облысы өз уақытынан 1 сағатқа алда көрінеді. Осыған байланысты бірыңғай белдеу қалыптасып, бұл ұйқы режимінің реттелуіне, бірқатар аурулардың алдын алуға, адам денсаулығының жақсаруына себепкер болмақ. Мамандар адам бойында бүгінгі қалыптасып отырған депрессия мен стресс, енжарлық, энергия тапшылығы сынды мәселелердің басым көпшілігі ұйқы режимінің сәйкессіздігінен дейді. Бұл пікірмен шаһар тұрғындары да келісіп отыр.
– Уақыттың кері шегінуі дұрыс деп есептеймін. Білуімше, еліміз онсыз да өз уақытынан алда келеді. Бұл бастама біріншіден, ұйқы режимін тұрақтандыратын еді. Шынында, қоғамда орын а лып отырған апатиялық ахуалдың басым көпшілігі энергия тапшылығынан болып отыр. Ғылыми тұрғыдан осы мәселе оң шешімін табар болса, әрине, қуанар едік, – дейді қала тұрғыны Балнұр Оралбай.
Сондай-ақ, уақыт белдеуінің бір қалыпқа түсуі ел экономикасы үшін де тиімді. Мұнда әсіресе, энергия көздерін белгілі бір график негізінде тұтынатын кәсіпорындар мен өндіріс ошақтарының мәс еле сі шешіліп, көлік-транзиттік бағыттағы маршруттардың жұмысы бір жолға қойылуы жоспарлануда. Сонымен қатар, бұл бірқатар әлеуметтік мәселелердің алдын алады. Мәселен, батыс пен шығыс белдеуі арасындағы жұмыс графигі мен мектеп оқушыларының сабақ кестесі, түрлі маңызы бар жиындардың уақыты сай келмей жатады. Ал, Көлік министрлігі әуе рейстері мен теміржол мекемелері басшыларына жолаушы билеттерін сатып алу бойынша нақты тапсырмалар берілгендігін жеткізді.
– «Аталған өзгеріске байланысты Астана, Алматы, Шымкент, Көкшетау, Тараз, Балқаш, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Петропавл, Түркістан, Өскемен, Семей, Талдықорған және Жезқазған қалаларына/ қалаларынан рейстерге әуе билеттерін сатып алған жолаушыларға ұшу уақыты 2024 жылғы 1 наурыз сағат 00:01- ден басталатын (елорда уақыты бойынша) рейстер бойынша нақты ақпаратты әуекомпаниялардың Call-орталықтары мен арнайы қосымшалары арқылы, сондай- ақ әуежайлардың анықтамалық қызметтерінен нақтылау қажет», – делінген ведомство хабарламасында.
Нұрболат АМАНБЕК
Ұқсас жаңалықтар
Үш жүзден аса еңбек құқығы бұзылған
- Бүгін, 02:56
Ақпарат
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді