Шалғайлықтардың шағымы

Шалғайлықтардың шағымы
ашық дереккөз
Шалғайлықтардың шағымы
Шаһарымыздың шалғайында тұратын тұрғындардан шағым таусылар емес. Былтыр шулаған шөлдалалықтардың арызын тыңдап, екі рет мәселе көтеріп жаздық. Енді биыл Шалғай Қарасу алабының тұрғындары да дәл осындай мәселе көтеруде. Әзілхан Нұршайықов және Центральный көшесіндегілер иесіз ит пен тұрмыстық қалдықтарға қатысты жанайқайын жеткізуде. Тұрғындардың айтуынша, күндіздің өзінде адамға қауіп төндіруден тайынбайтын иттер мұнда үйір-үйірімен қаптап жүреді. Әсіресе, мектептен кеш қайтатын балаларының қауіпсіздігіне алаңдап жүрген халық қаңғыбас иттерден арашалауды сұрайды. Шалғайлықтардың шағымы мұнымен бітпейді. Айтуларынша, әр сейсенбі сайын тұрмыс қалдықтарын жинайтын «Нұрлы Тараз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қызметкерлері жұмыстарына салғырт қарайды. Аптасына бір рет қоқыс т азалайды. Бірақ, жұмыстарына жауапсыз. Кейде қоқыстың бір қапшығын алса, екіншісін алмай кетеді. Қоқыс салмағының ауырлығын сылтау етеді екен. Соның салдарынан көше қоқысқа толады. Қалдырып кеткен қапшықтағы тұрм ыстық қалдықтарды қаңғыған иттер шашады. Әзілхан Нұршайықов көшесінің тұрғыны Айгүл Исаева: – Жан басына ай сайын 268 теңгеден 8 адамға төлейміз. Бірақ, қоқыстан тазаруымыз мұң. Екі қап қоқысымыздың біреуін алмай тастап кетеді. Оны амалсыз өртейміз. Өзіміз үйде болмаған күндері қаңғыбас иттер тартқылап, қапты жыртып, тұрмыстық қалдықтарды аулаға шашып кетеді. Оны қайтадан жинаймыз, – дейді. Сонымен қатар, ол «Нұрлы Тараз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қызметкерлерінің тұрғындардан бөлек ақша алып, талапқа сай келмейтін қоқыстарын көлікке артып жатқандығын талай көргендігін сөз етті. Оларға қолма-қол 1000- 2000 теңге берсе 10 қапшық қоқысты қосып артып кетеді екен. – Көлденең табыстарын қызғанбаймын. Алайда, неге біздің қоқыстарымыз сыймай қалады да, әлгіндей талапқа сай емес қоқыстар бір емес, он қапшықтан көлікке тиеледі?! Бірақ біз де адам басына ай сайын қоқысқа төлем жасап жатырмыз. Халықтың арқасында істеген қызметтеріне айлық алып отыр,– дейді Айгүл Қожахметқызы. Қоқыс қалдығынан қиналып жүрген тұрғындардың талабына орай, «Нұрлы Тараз» жауапкершілігі шектеулі серікте стігіне бас сұқтық. Мекеме бастығы Алхан Махамбаев жұмыс орнында жоқ екен. Бас есепшісімен тілдестік. Ол бірден аты-жөнін атаудан бас тартты. Бірақ, қызметкерлерге жұмысына жауапсыздық танытқаны үшін шара қолданылатындығын жеткізді. Мұнан соң, мекеме басшысы Алхан Махамбаевпен телефон арқылы сөйлестік. Бақылаусыз жүрген жұмысшыларының салғырт ісінен бейхабар екен. Бұл жайында неге ертерек айтпағанымызды сұрады. Сонда осы іске жауаптыларға мән- жайды журналистер жеткізуі тиіс секілді. Мүмкін, серіктестік жұмысшылары мен өздеріне тиесілі аумақтардың тазалық жұмыстары қай деңгейде екенін тым құрығанда бірнеше айда бақылап қоюы тиіс шығар. С ебебі, қапт аған қоқыс жергілікті тұрғындардың наразылығын тудырып, жайлы өмір сүруіне кедергі келтіруде.  

Нұржан ӘЛІШ

Ұқсас жаңалықтар