Қоғамдық келісім сақталған жерде келеңсіздік болмайды
Ағымдағы жылдың ақпан айының 7-8 күндері аралығында ҚР Президенті Әкімшілігінің ҚХА Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары Ғалымжан Махан және ҚХА Төрағасының орынбасары Акбаржон Исмаилов этномәдени бірлестіктер мен Жамбыл облысы ҚХА құрылымдарының облыстағы және Жамбыл, Байзақ аудандарындағы этнос өкілдерімен және тәжік этномәдени бірлестігімен кездесті. Ғалымжан Жайықбайұлы облыстық ҚХА құрылымдары өкілдерімен кездесу барысында уақытында орындалуға тиіс өзекті, тың әрі маңызды міндеттер туралы мәлімдеме жасады. Сондай-ақ, мемлекеттік тілді меңгеру, медиация және қоғамдық келісімнің сақталуы туралы, т.б. бірқатар маңызды мәселелерді қозғап, жиылған жұртшылықпен өзара пікір алмасты.
Хатшылық меңгерушісінің орынбасары бұдан өзге тәжік этномәдени бірлестік өкілдерімен кездесу барысында этносаралық қатынастардың тұрақтылығы және өңірдегі тәжік этносының ахуалын бағдарлау тұрғысында, құрылу тарихының түпқазығынан бастап, бүгінгі күнге дейінгі тыныс-тіршілігімен танысты. Сонымен қатар, кездесу барысында тәжік мәдениетінде алдыңғы орынға ие қолөнер көрмелері мен музыкалық шығармашылықтарын республикалық деңгейге дейін көтеру мәселесіне аса мән берілуі және мемлекеттік тіл – қазақ тілін үйренуге және мәдениеті мен тарихын білуге ерекше ықылас қою керектігі айтылды.
Жамбыл облысына жұмыс сапары желісімен келген Ғалымжан Махан мен Ақбаржон Исмаилов Жамбыл, Байзақ аудандарының Ақсақалдар кеңесі, этномәдени бірлестік жетекшілері және белсенді жастарымен де кездесті.
Кездесу барысында қоғамда тұрақтылық пен этносаралық татулықты сақтаудағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттары айтылды.
Жалпы, бұл кездесулер этностарды ұйыстыру барысында оларға қазақстандықтардың ортақ игілігі үшін мемлекеттіліктің құндылықтарын мызғымас етуді, жалпықазақстандық бірегейлік пен азаматтық даму үрдісін нығайтуды және мәдени-рухани жаңаруды көздейді.
«Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс» бөлімі.
Ұқсас жаңалықтар
Санада серпіліс тудырған алып тұлға
- 13 желтоқсан, 2025
Біз шынайы өмірден алыстап барамыз ба?
- 13 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




