Әлеуметтік саланың әлеуеті жоғары
Облыстық әлеуметтік оңалту орталығында облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеровтің төрағалығымен өткен кеңесте бірқатар басқарма басшылары есеп берді. Атап айтқанда, облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Еркін Келесов пен еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Жарылқасын Айтақовтың есептері тыңдалды. Облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Еркін Келесовтің айтуынша, Президент тапсырмасына сәйкес, 10 мың тұрғынға 100 жаңа жұмыс орын ашу мақсатында 13454 жұмыс орнын ашу жоспарланып, өткен жылы 15036 жаңа жұмыс орны ашылып, барлығы 21045 адам түрлі жұмысқа орналастырылған.
– 2023 жылы Ұлттық жоба аясында жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 66202 адам тартылып, көрсеткіш 122,2 пайызға орындалды. Оның ішінде бос жұмыс орындарына 36018, алғашқы жұмыс орындарына 574, әлеуметтік жұмыс орындарына 1072 азамат, жастар тәжірибесіне 3047 жас, ақылы қоғамдық жұмыстарға 10256 жұмыссыз тартылды. «Күміс жас» жобасына 800, Ұрпақтар келісімшартына 29, жұмыс берушілердің сұранысына сәйкес оқыту курстарына 973, жұмыс берушінің жұмыс орнында оқыту курстарына 432 адам, онлайн оқытуға 2682 адам, «Бастау Бизнес» жобасына 9274 адам жолданып, 1045 адам мемлекеттік грант алды, – дейді ол.
Жұмысқа орналастырудың жылдық жоспары 45253 адам болса, есепті кезеңге 51796 адам жұмысқа орналастырылып, жоспар 114,5 пайызға орындалған. Сонымен қатар, тұрақты жұмыс орнымен 36018 адам қамтылып, орындалу көрсеткіші 113,5 пайызды құраған. Ал, осы жылы жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 60622 адамды тарту жоспарланса, оның 31746-сы тұрақты жұмыс орындары болмақ. Сонымен қатар, биыл «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша онлайн оқыту курстарымен 9075 адамды қамтып, 1008 адамға мемлекеттік қайтарымсыз гранттарды беру жоспарлануда. Ал, 2024 жылдың 1 қаңтарындағы мәліметке сүйенсек, атаулы әлеуметтік көмек 7940 отбасындағы 42222 адамға төленген. Өткен жылғы есепті мерзіммен салыстырғанда атаулы әлеуметтік көмек алушылар 12,6 пайызға төмендеген.
Атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылардағы 13344 балаға 1 жастан 6 жасқа дейінгі әрбір балаға қоса алғанда ай сайынғы қосымша төлем берілген. Көмек алушылар қатарындағы еңбекке жарамды мүшелерінен 8986 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылған. Биыл атаулы әлеуметтік көмекпен 55423 адамды қамту жоспарлануда, оған 4842,9 миллион теңге қарастырылған.
– Бүгінгі таңда облыста 45715 мүгедектігі бар адам бар. Өткен жылы әлеуметтік қызметтер ұсыну порталында мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жеке реабилитациялау және оңалту бағдарламаларының орындалуы 97,9 пайызды құраған. Порталда 27089 өтініш тіркеліп, 26512 өтініш қанағаттандырылған. Биыл әлеуметтік қызметтер ұсыну порталында мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жеке оңалту бағдарламаларын 95 пайызға орындау жоспарланып отыр. Cонымен қатар, Amanat партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау бойынша жол картасының 84-тармағына сәйкес, биыл стандарттарға сай келетін бейімделген объектілердің үлесі шамамен 80 пайызды құрауы тиіс. Осыған байланысты биыл Тараз қаласы мен аудандарда 259 нысанды бейімдеу жоспарлануда. Ал, өткен жылы Тараз қаласында 150 орындық мүгедектігі бар адамға оңалту және бейімдеу көпсалалы орталығы және 120 орындық «Белс енді ұзақ өмір сүру » орт алығы (ардагерлерге арналған) және 110 орындық «Аутизмі бар балаларды қолдау» орталығы ашылып, жұмыстарын атқарып жатыр, – дейді Еркін Егембердіұлы.
Сондай-ақ, алқа мәжілісінде Шу ауданы Мансап орталығының директоры Ержігіт Омбаев, Тараз қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Гауһар Олжабаева, «Аутизмі бар балаларды қолдау орталығы» орталығының директоры Рашида Каримованың есептері тыңдалып, сұрақтар қойылды.
Жиын қорытындысында Нұржан Календеров жұмыспен қамту, түрлі жеңілдіктер мен жобаларды сәтті іске асыру бойынша нақты міндеттер жүктеп, бірқатар тапсырма берді.
Марат ҚҰЛИБАЕВ
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді