Абыройлы міндет

Абыройлы міндет
ашық дереккөз
Абыройлы міндет
Мәңгілік ел тірегі – білімді ұрпақ десек, жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған келесі мәселе – білім беру, ғылымды дамыту. Өркениет біткеннің өзегі білім, ғылым, тәрбие екендігіне ешкімнің таласы жоқ. Осы орайда, білім ордасы – мектеп, ал мектептің жаны – мұғалім. Қазіргі мектеп жағдайында оқыту мен тәрбиенің соңғы тәсілдерін игерген, психологиялық- педагогикалық диагно стиканы қабылдай алатын, педагогикалық жұмыста қалыптасқан бұрынғы ескі сүрлеуден тез арада арылуға қабілетті және нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді шығармашыл педагог- зерттеуші, сондай-ақ, интегративті ойлауға қабілетті ойшыл мұғалім қажет. Баланың бойына білім нәрін себетін басты тұлға – ұстаз. Яғни, жас ұрпақты оқытуда тиімді жағдайлар жасау көбіне мұғалімге тікелей байланысты. Өйткені, ұстаз алдында егемен еліміздің болашағы тұр. Сондықтан да мұғалімді даярлауға қойылатын талаптар да жоғары болуы шарт. Жастарды Отанға деген сүйіспеншілікке баулу, патриоттық, елжандылық рухт а тәрбиелеу «Алғашқы әскери дайындық» кафедрасының негізгі міндеті. Ақыл-ойлылық, ер-жігерлік, күш- қуаттылық, сөзге тоқтамдық, өзін- өзі ұстай білушілік, шешімталдық, табандылық, кәсіпқойлық пен қаһармандық кафедра білімгерлерінің ұстанатын қасиеттері. Әрбір ер азамат осы мамандықты игеруі тиіс. Әскери мамандық өз қажеттілігін еш уақытта жойған емес. Болашақ патриоттарды тәрбиелейтін әскери жетекшілер өз үлестерін қосуда. Жаңа оқу жылынан бастап кафедрада бірқатар үйірме жұмыс істеп келеді. Атап айтсақ, кафедрада әскери бетпе-бет айқас әдіс-тәсілдерін үйрену мақсатында «Айбын» үйірмесі жұмыс істейді. Оған өзім жетекшілік етемін. Таулы жерлерде ұрыс-қимылдарды, барлауды үйрену бағытында «Сұңқар» үйірме сі құрылған, оған майор шеніндегі К.Карабалаев жетекшілік етеді. Ал, орыс топтарында капитан шеніндегі оқытушы Д.Тұрсынбековтің жетекшілігіндегі «Лучший строевик» пен майор А.Зыряновтың «Меткий стрелок» үйірмелері де студенттер дайындықтарын пысықтап, шеберліктерін арттыруда. Аталған үйірмелерге қатысатын студенттер облыстық қана емес, республикалық пәндік олимпиадаларда жүлделі орындарды иеленіп жүр. Жас ұрпақты қазақстандық патриоттық рухта, ұлтжандылыққа тәрбиелеу негізінен «Алғашқы әскери дайындық» пәнінің оқытушы- ұйымдастырушыларына жүктелетіні белгілі. Университеттегі «Бастапқы әскери дайындық мұғалімдерін даярлау» және «Бастапқы әскери дайындық және дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау» факультеттерінде білім алып жатқан 395 студентке 14 мұғалім, 3 доцент, 8 аға оқытушы, 3 оқытушы дәріс беруде. Осы мамандық бойынша білім алып жатқан студенттер жаңа оқу жылында республикалық пәндік олимпиадалармен қатар, облыстық «Тараз тарландары», «Айбын», «Сұңқар», «Әскерленген эстафета» әскери-спорттық ойындарда топ жарып, жеңімпаз атанды. Қазіргі таңда «Алғашқы әскери дайындық» кафедрасының жанынан жаңа үлгідегі оқу-материалдық жабдықтармен жабдықталған зертхана жұмыс істеуде. Зертханада электронды-оптикалық автоматпен ату, көздеу, тағы басқа бірнеше тәжірибелік жұмыстар жүргізілуде. Бізде студенттерге қойылатын талап жоғары. Мәселен, соңғы жылдары бұл мамандыққа түсуге деген ынталы жастардың қатары артып келеді. Атап айтсақ, «Бастапқы әскери дайындық мұғалімдерін даярлау» және «Бастапқы әскери дайындық және дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламалары бойынша жоғары оқу орнына түсу үшін ҰБТ тапсыру 5 рет өткізіледі. Осы аталған білім беру бағдарламасына тапсыру бойынша тек екі пәннің балы есепке алынады. Қазақстан тарихы мен оқу сауаттылығы бойынша әрқайсысынан 5 балдан кем болмау қажет. Соған қоса, 2 шығармашылық емтихан (спорт нормативтері, спорттық ойындар) тапсырады. Осы емтихандардың қорытындылары бойынша оқу орнына қабылданады. Жоғарыда айтқанымыздай, біздің студенттер болашақта маман атанып қана қоймай, жас ұрпақты мектептерде Отанымызды сүюге, ел патриоты болуға тәрбиелейтіні сөзсіз.  

Досым СЕЙТЖАНОВ,

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық» факультетінің «Алғашқы әскери дайындық» кафедрасының меңгерушісі.

Ұқсас жаңалықтар