«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Теміржол депосындағы бауырластық

Теміржол депосындағы бауырластық
ашық дереккөз
Теміржол депосындағы бауырластық
Теміржол – сан түрлі сапарлар мен сезімдерге ерік беретін, ұшақ жолы мен көлік жолдарына қарағанда ең ыңғайлы әрі ең қауіпсіз жол десек болады. Оның қауіпсіз болуы ол өз алдына үлкен жауапкершілікті жүктейді. Темірдің тілін тауып, тәртібіне идірген, жолаушылар отыратын жүрдек пойыздарды алып жүретін тепловоздарды жөндеу нысаны – локомотив депосында ұлт құраушы халықпен бірге онға жуық түрлі этнос өкілдері ынтымақ пен бірлікте еңбек етуде. Сол мекемені басқарып отырған Нұрболат Нұрсейітов олардың мемлекеттік тілге жетік екендерін де алға тартты. Әңгіме барысында кәсіпорын басшысы бастауы Мұхамеджан Тынышбаевтың ерен еңбегімен басталған Жамбыл пайдалану локомотив депосына бүгінде 100 жыл толып отырғанын айтты. Бұдан өзге цех жұмысының жүйесі, техникалық бақылаулар мен жаңартулар, біліктілікті арттыру мәселелері туралы да сөз қозғады. Нұрболат Төлегенұлы ең бастысы – ауызбіршілік бар жерде ғана ойға алған істер оңынан жүзеге асатынын жеткізді. Жұмысы ауыр теміржолшылардың денсаулығына мұнда қатты көңіл бөлінеді екен. Олардың әрқайсысы үшін жұмыс күні медициналық тексерістен өтуден басталады. Сондай-ақ, мұндағы медициналық құрылғылардың заманауи, жаңа екені көрініп-ақ тұр. Ол құрылғыда жұмысшының қан қысымын, тамыр соғысын және алкагольдік сусындар пайдаланғандығын тексеретін арнайы функциясы бар. Тексеру аяқталғаннан кейін медицина қызметкері жұмысшының денсаулық көрсеткіштері қалыпты болса ғана жұмыс істеуге рұқсат береді. – Бүгінде Жамбыл пайдалану локомотив депосын ыстық ұямыз деп санайтын орыс, корей, қырғыз, өзбек, түрік, дүнген, неміс, украин, тағы басқа этностардың өкілдерінен құралған қызметкерлер тобы ынтымақта жұмыс істеуде. Ең бастысы, татулығы мен бірлігі жарасып, ауыр жұмысты еңсеріп отырған этнос өкілдері еліміздің өркендеуі жолында аянып қалмауда. Барлығы да тәуелсіз еліміздің болашағы үшін жұмыла еңбек етуде, – дейді Нұрболат Төлегенұлы.  

Бибігүл ШАХЗАДА,

«Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс» бөлімінің басшысы.

Ұқсас жаңалықтар