Нарық қыспағы нанға да жетті
Жаңа аптаның алғашқы күндері шаһар халқын қуантпай тұр. Оған дүкендердегі нан бағасының бірден 20 пайызға қымбаттауы себеп болуда. Биылғы жылдың ақпан айынан бастап наубайханаларға «Тараз әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ тарапынан дотациялық ұн беру тоқтатылған. Осыған байланысты, наубайханалар нан бағасын қымбаттату жөнінде облыс әкімінің орынбасарына ұсыныс жасаған еді. Алайда, облыс әкімдігі кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының басшысы Аспандияр Сейсебаев нарықтағы бағаны ұстап тұру үшін жұмыстар атқарылып жатқанын жеткізді.
– Бүгінгі күні облыс әкімдігі Тараз қаласы аумағында 93 дүкенде 100 теңгелік нан бағасын ұстап тұр. Бұл ретте ең алдымен ірі сауда желілеріне әкімдік қадағалау жүргізіп отыр. Дегенмен, бүгінгі күні экономикалық өсу жолында наубайханаларға модернизация жүргізу, жұмысшыларды жалақымен қамтамасыз ету сынды мәселелерді де ескере отырып, осындай шешім қабылданып отыр. Облыс аумағында продкорпорация аясында алынып жатқан бидай ұнын аудандық наубайханаларға жеткізіп отырғандықтан, ұн бағасы төмендеген жағдайда нарықта нан бағасы тұрақталады деп күтілуде, – дейді басқарма басшысы.
Осыған байланысты шаһар халқында бүгінде сан алуан пікір қалыптасқан. Көбісінің айтар уәжі, азық-түліктің қай түрі қымбаттаса да, нан бағасы тұрақты түрде сақталса дейді.
– Азық-түліктің ішінде күнделікті тұтынатын нан бағасы 20 теңгеге бірден көтеріліп отыр. Дүкендерде нанның орташа бағасы 120 теңге болғанымен, кей супермаркеттерде, мысалы, «Magnum» сауда желісінде 200 теңгеге дейін барады. Бұл қанша жерден нарық заңы дегенменен, жыл сайын жалақы мен зейнетақы мөлшері артқан сайын азық-түліктің де қымбаттай беруі ақылға сыйымсыз. Өйткені, еліміз шетелдерге бидай ұнын кең көлемде экспорттап келеді. Қарапайым экономика заңдылығына сүйенсек, мұндай жағдайда елде ұн тапшылығы, нан бағасының инфляциясы байқалмауы қажет деп санаймын, – дейді шаһар тұрғыны Айнұр Кеңесбек.
Қазіргі таңда Тараз қаласында «Козин А.А», «Бидай нан», «Касымов М.», «Ким В.В.», «Шермухамедов В.», «Кучуков» жеке кәсіпкерліктері, «Надыров Р.Б» және «Тараз нан зауыты» жауапкершілігі шектеулі серікте стігі сынды белгілі наубайханалар жұмыс істейді. Біз де ретін тауып аталған наубайхана иелерінің бірімен хабарласып көрген едік.
– Нан бағасының қымбаттауы, өздеріңізге белгілі дотациялық ұнның берілмеуінен болып отыр. Осыған орай, біз қазір ұнды нарықтық бағамен алып отырмыз. Осылайша, әкімдік белгілеген сауда желілеріне наубайханалардан нан 105 теңгеден жіберілсе, тасымалдаушылардың қызметі дүкеннің орналасқан қашықтығына байланысты 10-12 теңгені құрап отыр. Ал, сауда нүктелері 3 теңге қосып, дүкендерде сату бағасы 120 теңгеге жетіп отыр, – дейді «Хлебный Дар» наубайханасының иесі Станислав Козин.
Бұл ретте Тараз қаласының әкімдігі жоғарыда аталған наубайханалармен келісімшарт жасалып, бағаны тұрақтандыру жөнінде уағдаластық орнағанын жеткізіп отыр.
Есет ДОСАЛЫ
Ұқсас жаңалықтар
Үш жүзден аса еңбек құқығы бұзылған
- Бүгін, 02:56
Ақпарат
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді