Мүлікті сатудан түскен түсім мемлекет игілігіне жұмсалады

Мүлікті сатудан түскен түсім мемлекет игілігіне жұмсалады
ашық дереккөз
Мүлікті сатудан түскен түсім мемлекет игілігіне жұмсалады
Жамбыл мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті облыс аумағында өз құзыреті шегінде республикалық мүлікті басқару саласында басшылықты, республикалық мүлікке мемлекеттің құқықтарын іске асыруды, жекешелендіру мен экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншіктің мемлекеттік мониторингін жүзеге асырады. Облыс аумағында 2024 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 257 заңды тұлға жұмыс атқарып келеді, оның 213-і мемлекеттік мекемелер мен оның филиалдары, 41-і мемлекеттік кәсіпорындар мен оның филиалдары және өкілдіктері. Облыста республикалық мемлекеттік мүлікті иелену және жекешелендіру бойынша республикалық бюджетке өткен жылы 102935,4 мың теңге түсіп, ол 2022 жылмен салыстырғанда 67,5 пайызды құрады. Оның 51152,8 мың теңгесі республикалық мемлекеттік меншікті жекешелендіруден, 16 451,8 мың теңгесі жекеленген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған мүлікті сатудан түскен түсім, 35330,8 мың теңгесі республикалық мемлекеттік меншікті жалға беруден түскен қаражат. Бұл республикалық бюджетке түскен түсімдердің өткен жылмен салыстырғанда төмендеуінің себебі – мемлекеттік органдардың тарапынан жекешелендіруге ұсынған нысандардың, мемлекет кірісіне тәркіленген мүліктердің азаюы мен «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ жалға алған 12 объектілері акционерлік қоғамының меншігіне өтуінен қалыптасты. Облыстық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті бойынша сатылымға жататын 40 нысан қойылып, оның 38-сі сатылды, сауда-саттыққа қоюдың пайыздық көрсеткіші 100 пайызды құрады. Сатылған 38 нысанның 36-ы автокөлік құралдары, 2-еуі көліктер мен құрал-жабдықтар. Оның ішінде 24 нысан бағаны көтеру, 14 нысан бағаны төмендету әдісі бойынша өткерілді. Сатылудың пайыздық көрсеткіші 95-ті құрады. Өткен жылы сатылған республикалық мемлекеттік меншік объектілерінің сату сомасы 67 928,6 мың теңгені құрады. Республикалық меншіктегі нысандарды жалға беру бойынша 2023 жылдың басында 26 шарт қолданыста болды. Жыл ішінде 12 шарт жасалса, 7 шарт аяқталып, 5 шарт бұзылған. Биыл 1 қаңтардағы мәліметке сүйенсек, мүлікті жалға беру бойынша қолданыстағы шарттардың саны – 26. Жалға берілген нысандардың жалпы ауданы – 983,7 шаршы метр. Сенімгерлік басқаруға беру бойынша жыл басында қолданыстағы шарттардың саны 26-ны құрады. Жыл ішінде 20 шарт жасалса, 20 шарт аяқталып, 6 шарт бұзылды, қолданыстағы шарттардың саны – 20. Департаментпен сенімгерлік басқаруға берілген республикалық меншік объектілері қылмыстық атқару жүйесінің объектілері (16 объект), газ құбырлары (3 объект) және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған нысан (1 объект) болғандықтан, оның кейіннен сатып алу құқығынсыз және тендер өткізбестен сенімгерлік басқаруға 14-і берілсе, 6-ы тендер өткізу арқылы берілді. Сенімгерлік басқаруға берілген қылмыстық атқару жүйелері нысандардың жалпы ауданы 1364,42 шаршы метр. Бұдан бөлек, облыс аумағында орналасқан жалпы ұзындығы 484,5 шақырымды құрайтын жоғары, орташа және төмен қысымдағы газ құбырлары бар. Қылмыстық атқару жүйесінің объектілерін жеке кәсіпкерлерге сенімгерлік басқаруға берудің негізгі мақсаты – қылмыстық атқару жүйесіндегі жазасын өтеушілерді жұмыспен қамту. Осы бағытта сенімгерлік басқаруға берілген нысандарда 491 жазасын өтеп жатқан азамат жұмыспен қамтылып, оларға 56 874,2 мың теңге жалақы кәсіпкерлер тарапынан төленген. Бұл жалақы жазасын өтеп жатқан азаматтардың астау, бас табақ, әткеншек, сырғанақ, мангал, ас үй жиынтығы, нарды, кеме, барбекю, ыстағыш, домбыра, шахмат үстелі, кәдесый, киім ілгіш, кесе, сағат, шампур сияқты бұйымдарды жасағаны үшін төленген. Бұл бұйымдардың жалпы құны 150847,4 мың теңгені құрайды. Департаменттің жұмысындағы басым бағыттардың бірі – «Бірыңғай теңгерім ұстаушы» жобасы. Жобаны іске асыру мақсатында департамент теңгеріміндегі еліміздің Қаржы министрлігіне бағыныстағы орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері алып отырған ғимараттардағы артық алаңдарды оңтайландыру жұмыстарын тұрақты жүргізіп келеді. Департаментпен 2023 жылы 240,9 шаршы метр артық алаңдарды оңтайландыру жоспарланған болатын. Оның ішінен өткен жылы 240,9 шаршы метр артық алаңдарды оңтайландыру туралы шешімдер қабылданды, бұл өткен жылы оңтайландырылуға тиіс жалпы алаңдардың 100 пайызын құрады. Сонымен қатар, департаментпен 2023 жылы республикалық мемлекеттік заңды тұлғалардың мүлігін теңгерімінен-теңгерімге беру, мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру, республикалық мемлекеттік заңды тұлғалардың беру актілерін, бөлу теңгерімдерін, аралық тарату және тарату теңгерімдерін бекіту бойынша түрлі жұмыстар атқарылды. Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру бойынша 64 шешім қабылдап, 113 қабылдау-беру актілерін бекітті, оның ішінде 87 акті коммуналдық меншікке және 26 акті республикалық меншікке; Мүлікті республикалық мемлекеттік заңды тұлғалардың теңгерімінен-теңгерімге беру бойынша; Республикалық мемлекеттік заңды тұлғалардың теңгерімінен-теңгерімге мүлікті беру бойынша департамент 12 шешім қабылдап, 81 қабылдау-беру актілерін бекітті. Мемлекеттік емес заңды және жеке тұлғалардан мүлікті республикалық меншікке өтеусіз беру бойынша 1 сыйға тарту шарты жасалды. Атап айтқанда, «Орда экспресс» ЖШС-нің меншігіндегі теміржол кірме жолдары республикалық мемлекеттік меншігіне өтеусіз қабылданып, «ҚР ИИДМ Көлік комитетінің» теңгеріміне берілді. Департаментпен республикалық мемлекеттік заңды тұлғалардың теңгеріміндегі ғимараттарға республикалық мемлекеттік заңды тұлғаларды орналастыру бойынша 6 бұйрық қабылданды. Республикалық мемлекеттік заңды тұлғалардың беру актілерін, бөлу теңгерімдерін, аралық тарату және тарату теңгерімдерін бекіту бойынша 2 табыстау актісі мен 1 бөлу теңгерімі бекітілді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы қаулысының негізінде, департамент «ҚР СИМ Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Жамбыл облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті» және «ҚР СИМ сауда комитетінің Жамбыл облысы сауда департаменті» біріктіру жолымен «ҚР СИМ Жамбыл облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті» болып қайта құрылуы бойынша табыстау актілері бекітілді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы №727 қаулысының негізінде «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі екі мекемеге «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» және «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаментінің Жедел-құтқару жасағы» бөлініп, арасындағы бөлу балансы департаменттің 2023 жылы №1/250 бұйрығымен бекітілді. Департаменттің басым міндеттерінің бірі – сот тәртібімен мемлекет кірісіне тәркіленген мүліктер. Бұл бағытта да бір жыл көлемінде облыстық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментіне 389 атқару өндірісі қабылданды. Бұл 58317 бірлік мүліктерді құрады, оның ішінде автокөлік, дизельдік отын және бензин, аяқ киім және киім, ұшқышсыз басқарылатын аппарат, кеңсе техникасы және басқа да өнімдер бар. Өткен жылы 15 комиссия отырысы өткізіліп, жекелеген негіздер бойынша түскен мүліктерге (58063 бірлік) шешімдер қабылданды. Жалпы, 2023 жылы 302 атқару өндірісі жалпы құны 131 772,8 мың теңгеге бағаланды. Басқа мемлекеттік органдардың теңгеріміне жалпы құны 5 990,9 мың теңгені құрайтын 30 271 литр бензин және дизельдік отындар, 86 389,3 мың теңгені құрайтын 14 ұшқышсыз басқарылатын аппарат, 10 327 000 теңгені құрайтын 2 автокөлік, 14 701 000 теңгені құрайтын 5 қозғалтқыш берілді. Электрондық сауда-саттықта 314 атқару өндірісі бойынша мүліктер 16 451,8 мың теңгеге сатылды. «Бірыңғай теңгерім ұстаушы» жобасын іске асыру негізінде ғимараттар мен автокөліктерді ұстаумен оларға қызмет көрсетуді орталықтандыру және шығындарды қысқарту мақсатында департаменттің жеке құрылымдарға 11 әкімшілік ғимараттар жеке күзет агенттіктеріне, 12 ғимарат мүгедектер қоғамдық бірлестіктеріне, 12 ғимарат жеке кәсіпкерлерге берілді. Бұдан бөлек, аудандық қазынашылық басқармаларының, аудандық мемлекеттік кірістер басқармалары басшылары мен қызметкерлерін тасымалдау үшін 20 жеңіл автокөлік жалға алынды. Мемлекеттік сатып алу жұмыстары бойынша жалпы сомасы 207 967,3 мың теңгеге мемлекеттік сатып алу порталы арқылы конкурс жарияланып, мемлекеттік сатып алу нәтижесінде 175 607,5 мың теңгеге шарттар жасалды. Осылайша бюджет қаражатының 32 359,8 мың теңгесі немесе 15,6 пайызы үнемделді. Жоспарланған сомаға департаменттің теңгеріміндегі ғимараттарды күзетуге күзет агенттіктерімен, тазалық жұмыстарын жүргізуге мүгедектер қоғамдық бірлестіктерімен, басқарма басшылары мен қызметкерлерін тасымалдауға жеке кәсіпкерлермен және тағы да сол сияқты басқа да қызметкерді алуға 1344,5 мың теңгеге шарттар жасалды. Сонымен қатар, 40 863,2 мың теңгесіне облыс бойынша қазынашылық бөлімдері Шу, Жамбыл, Байзақ аудандық қазынашылық бөлімдері орналасқан ғимараттарға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Үнемделген қаражат есебінен департамент теңгеріміндегі ғимараттарға кішігірім ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, негізгі құрал-жабдықтар алынды. Жоспарланған қаржыны игеру – басты міндеттердің бірі. 2023 жылы жеке қаржыландыру жоспары бойынша 231 473,3 мың теңгені құрады. Жылдық жоспарға негізделген барлық атқарылатын қызметтер өз міндеттемелеріне алынып, толыққанды игерілді.  

Алтай ЖІГІТЕКОВ,

облыстық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы

Ұқсас жаңалықтар