Инвестжобалар құқықтық тұрғыда қорғалады
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша енді инвесторлық жобалар құқықтық тұрғыда прокуратура қызметкерлерімен сүйемелденетін болады. Осы мақсатта арнайы фронт-офис құрылған. Бұл өткен жылдың сәуір айында Президент Қасым- Жомарт Тоқаевтың басшылығымен болған кеңейтілген кеңестегі тапсырмасын орындау мақсатында, елдің әлеуметтік- экономикалық дамыту туралы мәселесі шеңберінде, Бас прокурормен бекітілген маңызды инвестициялық жобаларды прокурорлармен сүйемелдеу жөніндегі бірлескен іс-шаралар жоспарына сәйкес облыс прокурорының өкімі негізінде құрылған. Фронт-офис мүшелерінің құрамына жергілікті атқарушы органның, палатаның, «Kazakh Invest» акционерлік қоғамының өкілдері, ұлттық қауіпсіздік, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және қаржы мониторингі департаменттерінің қызметкерлері кіреді. Сонымен қатар, Бас прокуратура Президенттің тапсырмасы негізінде инвесторларға қатысты мемлекеттік органдардың барлық шешімдері мен шектеу шаралары бойынша «Инвесторларды қорғау жөніндегі прокурорлық сүзгі» жобасын енгізуде. Оның мақсаты – инвестициялық жобаларды прокурорлық сүйемелдеу тетігін жетілдіру және профилактиканың тиімді құралдарын енгізу. Инвесторлар үшін прокурордың фактіден кейін емес, сот істері басталғанға дейін озық жұмыс істеуі маңызды.
Осыған орай, Меркі ауданының прокуратурасы мен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы аудандық филиалының ұйымдастыруымен аудандағы инвесторлар және мемлекеттік орган басшыларымен жиналыс өтті. Онда аудандық кәсіпкерлер палатасы филиалының директоры Нұржан Шойбеков пен Меркі ауданы прокуратурасының прокуроры Хиса Ажимбековпен бірге инвестициялық жобаларды іске асыруда қойылатын жаңа талаптар түсіндірілді.
Аудан прокурорының айтуынша, бүгінгі таңда мемлекеттік органның әрбір екінші шешімін әкімшілік соттар кәсіпкерлердің пайдасына шығаруда. Тек өткен жылы прокурорлар бизнес субъектілеріне қатысты мемлекеттік органдардың 14 мың заңсыз тыйымдары мен шектеулерін жойған. Осыған байланысты 2023 жылдың 13 желтоқсанында өткен инвестициялық штаб отырысында мемлекеттік органдарға, жергілікті атқарушы органдарға, сондай- ақ, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне инвесторларға қатысты тыйым салу-шектеу сипатындағы шаралард ы прокуратура органдарымен келісу тапсырылған. Осы орайда айта кетейік, Президент Жарлығына сәйкес, инвестициялық штаб шешімдерін орталық және жергілікті мемлекеттік органдар, сондай-ақ, квазимемлекеттік сектор субъектілері орындауға міндетті. Инвестициялық штаб шешімдерін орындамағаны немесе тиісті түрде орындамағаны үшін басшылар дербес жауапты болады.
Қазыбек КАМАЛ,
журналист.
Меркі ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Мемлекеттік қызметшінің Әдеп кодексін сақтау
- 19 желтоқсан, 2024
Даңғазалық па, мақтангершілік пе?
- 19 желтоқсан, 2024
Ақпарат
Қаратау қаласында биыл 17 балалар ойын алаңшасы ел игілігіне берілді
- 6 желтоқсан, 2024
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді