Киіз үйдің құрылымы –тұнып тұрған математика
Еліміздің рухани астанасы – Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ел атын әлемге танытып жүрген жастар ұлттың рухын жаңғыртуда» деп атап көрсетті. Біз жастардың бойындағы өнер-білімге, ғылымға, жаңашылдыққа деген осы серпілістің қарқынын сақтай отырып, оны күшейтуіміз, дамытуымыз қажет. Мемлекет басшысы білімді дамыту арқылы ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру керек деп міндет жүктеді, мұны біз абыроймен атқаруымыз керек екенін айтты. Осы ретте бізде ғылымға басымдық берілген. Біздің ұстанған басты мақсат – ғылыммен айналысуға қолайлы жағдай туғызу арқылы үдеріс барысында оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру, өз бетінше білім алуға құштарлығын дамыту, сонымен қатар, көмек көрсету, бағыт-бағдар беру. Осы бағытта мектебімізде математика үйірмесі жұмыс істейді. Оған білімге құштар, ғылымға, технологияға, техника мен математикаға қызығатын кез келген оқушы қатыса алады. Математика – баланың интеллектуалды қабілеттерін дамытады. Атап айтсақ, жалпылау, талдау, заңдылықтарды анықтау, логикалық тұрғыда ойлау және негіздеу, тез ойлану және шешім қабылдау, алдын ала жоспарлау және абстракты ойлау қабілеттерін арттырады.
Интеллектуалды қабілеттерді дамыту үшін қиын есептер жинағын алып шығару міндетті емес, математикалық әдістер қолданылатын логикалық сөзжұмбақтарды шешіп, интеллектуалды ойындарды ойнауға болады. Математиканың тағы бір құдіреті – онымен шұғылданған адамның бойында осы айрықша қабілеттердің біртіндеп қалыптасуына үлкен септігін тигізеді. Математика адамды ой еңбегіне тәрбиелейді.
Сонымен қатар, есептердің шешімін таба отырып, баланың ойлау жүйесінің дамуына ықпал етіп, өмірдің кез келген жағдайында дұрыс шешім таба алуға тәрбиелейді.
Мәселен, киіз үйдің құрылымы да тұнып тұрған математика. Математика тұрғысынан қарағанда, киіз үй негізі 3 бөліктен тұрады. Уықтары параболаның бір бөлігі. Шаңырағы, табаны шеңберлер. Цилиндр орнықты фигура болғандықтан, киіз үйдің пішіні соған сәйкестендіріліп жасалған. Киіз үйдің есігі тік төртбұрыш. Кереге арасы ромб. Киіз үйдің шаңырағынан дәл ортасынан табанына түсірілген биіктігі едендегі шеңбердің центрімен дәл келеді де, симметрия осін береді.
Бүкіл жан-жануарлардың баспаналары дөңгелек, сфера пішінді болатындығы белгілі. Мысалы, аю, қасқырдың апандары дөңгелек үңгір етіп жасалады. Апанның ауыздары оңтүстік-шығысқа қарап қазылады. Торғайдың, құстардың ұясы да сфера пішінді болады. Міне, қазақтың киіз үйі де осындай заңдылық бойынша жасалған. Кереге жоғары жағына қарай тартыла береді де, уық арқылы күмбезге айналып кетеді. Киіз үйдің негізгі өлшемдері ерекше пропорциялы болып келеді. Киіз үй пішінінің айналу беттерін, яғни, дөңгелек болуы, бұрыштардың болмауы киіз үйдің көркемдігін арттыра түседі. Ендеше, бұрышы жоқ киіз үйдің ішіндегі ауа тұрақты түрде алмасып отырады. Киіз үйді ойлап шығарудың өзі ақиқат ғылымға негізделген. Міне, даналық!
Қымбат НҰРЛАНҚЫЗЫ,
Жамбыл политехникалық жоғары колледжі математика пәнінің мұғалімі.
Тараз қаласы
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
«Таза Қазақстан – біздің қолымызда» атты дөңгелек үстел өтті
- 27 желтоқсан, 2024
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді