«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Батыр аналардың жәрдемақысы өседі

Батыр аналардың жәрдемақысы өседі
ашық дереккөз
Батыр аналардың жәрдемақысы өседі
Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті облыс бойынша департаментінің басшысы Аслан Оразбеков Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында баспасөз мәслихатын өткізді. Өткен жылдың 5 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Президентінің «2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңға қол қойғанын айта келе, ол осы жылдың 1 қаңтарынан бастап кейбір әлеуметтік және базалық көрсеткіштерге өзгерістер енгізілгенін жеткізді. Бүгінгі таңда республикада ең төменгі жалақының мөлшері 85 мың теңге. Тиісті қаржы жылына әлеуметтік төлемдер үшін ең төменгі күнкөріс деңгейі 43 407 теңгені құрайды. Базалық зейнетақының, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорларынан ең төменгі зейнетақы төлемінің мөлшері күнкөріс деңгейіне байланысты. – Айлық есептік көрсеткіштің мөлшері 3692 теңгені құрады. Ол жәрдемақылар мен басқа да әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін, сондай-ақ айыппұлдар, салықтар және басқа төлемдерді қолдану үшін қолданылады. Жыл басынан бері қалыптасқан зейнеткерлер үшін жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері 9 пайызға артты. Бұдан басқа, зейнетақыны есептеу үшін пайдаланылатын ең жоғары табыс мөлшері 55 айлық есептік көрсеткішті, яғни, 203 060 мың теңгені құрайды, – деді Аслан Ұланұлы. Сондай-ақ, мүгедек балалар тәрбиелеп отырған отбасыларды қолдау үшін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленеді. Оның мөлшері осы жылы 69 886 теңгені құрайды. Жаңа жылда көпбалалы отбасыларға арналған жәрдемақы мөлшері айлық есептік көрсеткіштің өзгеруіне байланысты орта есеппен әр балаға 14700 теңгеден тағайындалуда. Аслан Оразбековтың айтуынша, биылғы 1 шілдеден бастап Әлеуметтік кодекстің аясында наградталған аналардың мәртебесін арттыру мақсатында Алтын алқа» алқасымен, «Батыр ана» атағы бар I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған аналарға арналған жәрдемақы мөлшерін 7,4 айлық есептік көрсеткішке дейін арттыру ұсынылған. Әлеуметтік кодекске сәйкес жұмыс берушілер кәсіптері мен қызмет түрлері еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын жұмыскерлердің, өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің тізбесіне енгізілген жұмыскерлер үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аударады, олардың 2 мыңнан астам позициясы бар. Осылайша, арнаулы әлеуметтік төлем экономиканың 19 саласында, оның ішінде тау-кен өндіру және өңдеу өнеркәсібінде және басқаларында жұмыс істейтін қазақстандықтарға тиесілі болады. Төлем зейнеткерлік жасқа дейін төленеді. Арнаулы әлеуметтік төлемдерді алу үшін еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналыспауға тиіс. Жұмыскерлер жеңіл жұмысқа ауыса алады, содан кейін олар жалақы мен төлем алады немесе демалысқа шығып, зейнетке шыққанға дейін арнаулы әлеуметтік төлемдер алады. Баспасөз мәслихаты соңында жоғарыда аталған департамент басшысы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қойған сұрақтарға жауап берді.  

Нұржан ӘЛІШ

Ұқсас жаңалықтар