«AMANAT CUP» біріншілігі мәресіне жетті
Өнер, БАҚ және шоу-бизнес саласының өкілдері сахна мен экран алдында ғана емес, футбол алаңында да белсенді. Оған «AMANAT CUP» турнирінде көз жеткіздік. Өткен сенбі-жексенбі күндері Ж.Үшкемпіров атындағы «Тараз-Арена» спорт кешенінде футзалдан өнерлі жастар арасында қызыққа толы тартысты ойындар өтті. Онда еліміздің ең үздік деген 6 медиа командасы ойнаса, киелі Әулиеата өңірінің намысын талай жарыстарда топ жарып жүрген «Taraz press» командасы қорғады. «Amanat» партиясының кубогына арналған жарыс алғаш рет өтіп отырған жоқ.
Партияның «Жастар Рухы» жастар қанатының тұрақты түрде қолдауымен және «Zhuldyz Liga» ұйымдастыруымен өтіп келе жатқан ойын мәдениет саласында жүрген қызметкерлердің демалыс уақыттарын тиімді пайдалануға бағытталған. Сондай-ақ, жастар арасында салауатты өмір салтын дәріптеуді көздейді.
– Екі күн бойы Тараз төрінде медиа саласы өкілдерінің арасында тартысты ойындарға куә болдық. Жалпы, бұл турнир биыл екінші жыл қатарынан дәстүрлі түрде ұйымдастырылуда. Мұндағы мақсатымыз – жастардың бос уақыттарын тиімді пайдалану болса, екінші жағы олардың саламатты өмір салтын қалыптастыру. Жастардың спортпен шұғылданып, дені сау ұрпақ тәрбиелеуіне жастар қанаты жан-жақты үлесін қосуда», – дейді «Amanat» партиясы облыстық филиалының төрағасы Дауыл Бейсенқұлов.
Екі күн бойы Тараз төрін дүбірге бөлеген тартысты ойындардың нәтижесінде киелі Әулиеата өңірінің намысын қорғаған «TARAZ PRESS» командасы жеңімпаз атанды. Олар ақтық сында «Жайдарман» құрамасын 8:2 есебімен ұтты. Ал, алаң иелеріне есе жіберіп қойған жайдарманшылар күміс жүлдені қанағат тұтты.
Сондай-ақ, «Qurman» және «Aibar» командалары үшінші орынды өзара бөлісті. Сол секілді алаңда өздерінің шеберліктерін көрсете білген бірқатар ойыншылар 5 номинациялар бойынша марапатталды. Атап айтқанда, ««Үздік сұрмерген» – Ербол Жұмахан, «Үздік қақпашы» – Самат Есентайұлы, «Үздік шабуылшы» – Әділет Рүстемов, «Үздік қорғаушы» – Мейірлан Шакенов, ал «Үздік ойыншы» – Қайрат Анарбаев атанды.
Айта кетейік, қос команда да ақтық сын айқаста тек пенальти серияларынан ғана жолы болмады.
Жеңімпаздар арнайы сыйлықтармен, кубоктармен және дипломдармен марапатталды. Орайы келгенде айта кетейік, бас жүлде алған командаға 1 500 000 теңге, екінші орын алған командаға 700 000 теңге, қола жүлдегерлерге 200 000 теңгенің сертификаттары табыс етілді.
«Aq jol»-Aqparat.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Қаратау қаласында биыл 17 балалар ойын алаңшасы ел игілігіне берілді
- 6 желтоқсан, 2024
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді