Қалың қардың құрсауында

Қалың қардың құрсауында
ашық дереккөз
Қалың қардың құрсауында
Аптаның басында облыс аумағында күн райы бұзылатындығы туралы ескерту жарияланып, содан бері жамбылдықтар қыстың нағыз қары мен аяз-желін сезініп жатыр. Қала мен аудан әкімдіктерінде 14 ақпаннан бастап жауған қарды тазалау жұмыстары тәулік бойы бақылауға алынып, кезекшіліктер ұйымдастырылған. Таразда да екі күннен аса тоқтаусыз жауған қарды тазалау жұмыстары жалғасуда. Бүгінде қалада қардың көп жауғанына байланысты коммуналдық мекемелер тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Мамандардың айтуынша, шаһар көшелерін қардан тазартуға 50-ден аса техника, 200-ге жуық адам жұмылдырылған. Сонымен қатар, халықтың жүріп-тұруы мен көлік қозғалысының қауіпсіздігі үшін қала көшелеріне 191 тонна тұз себіліп, 780 текше метр құм шашылған. «Жасыл ел – Тараз» мекемесінің күшімен көне шаһар көшелерінен жалпы 1500 текше метр қар шығарылған. Сонымен қатар, қаладағы барлық мекеме қызметкерлері өз аумақтарын қардан тазалап, коммуналдық қызмет көрсету мамандарына қолғабыс беріп отыр. «Қазгидромет» РМК филиалы өңірдегі қолайсыз ауа райы тағы бірнеше күн сақталатынын хабарлайды. Мәселен, 1719 қаңтарда облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұманды ауа райы күтіледі. 19 қаңтарда күндіз облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ болады. Сондайақ, 17 қаңтарда облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында, 19 қаңтарда облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында жаяу бұрқасын болуы ықтимал. Ал, 17-19 қаңтарда солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысып, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстікшығысында, таулы аудандарында секундына 15-20 метр жел соғады деп күтілуде. Тараз қаласында 17-19 қаңтарда түнде және таңертең тұман, 19 қаңтарда күндіз көктайғақ болады деп болжануда. Ауа райының құбылмалы болуына байланысты, төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарынан қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрайды. Мүмкіндігінше алысқа жол сапарды кейінге қалдырғандарыңыз жөн. Егер сіз жолға шығамын деп шешсеңіз, сапар алдында ұялы телефонды қуаттаңыз, есепшотқа ақша салыңыз, сонымен қатар телефонды тікелей салонда қуаттау үшін автокөлік қуаттағышын алуды ұмытпай, қосалқы телефонды, қысқы мезгілде ұйықтайтын сөмкені, жылы киім мен ыстық шай құйылған термос пен тамақ алуды естен шығармаңыз. Туыстаныстарыңызға баратын бағытыңыз туралы ескертіңіз. Өз қауіпсіздігіңіз өзіңіздің қолыңызда екенін ұмытпаңыз! Сондай-ақ, полиция департаментінің қызметкерлері де қаңтардың ортасынан бастап облыстың барлық аймақтарында ауа райының күрт өзгеруіне және «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» тасжолында қалың қар жаууына байланысты жүргізушілерге жолда жүру ережелерін қатаң сақтап, соның ішінде жылдамдық режимін қадағалауды ескертеді. Ендеше, сақтық – саулық кепілі екенін есте сақтайық!  

Жүрсінгүл ЖАҚЫП

Ұқсас жаңалықтар