«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Экономикалық өсім басты назарда

Экономикалық өсім басты назарда
ашық дереккөз
Экономикалық өсім басты назарда
Баршаңызға белгілі, жыл басында «Egemen Qazaqstan» республикалық газетінде ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сұхбаты жарияланған болатын. Онда Мемлекет басшысы қоғамда кездесетін саяси, экономикалық сұрақтарға жауап беріп, еліміздің дамуы жолында нақты қандай қадамдар жасалатындығына тоқталып өтті. Мазмұны мен мәні терең сұхбатта Президент саяси реформалардың аяқталуға таяу екендігін айтып, ел экономикасының басым бағыттарын атап көрсетті. Атап айтқанда, экономиканы әртараптандыру және монополиядан арылту, инфрақұрылымды жаңғырту, бизнесті қолдау, инвестиция тарту жұмыстары алдағы уақыттарда да жүйелі түрде өз жалғасын табатындығын, сондай-ақ, әлеуметтік мәселелер назардан тыс қалмайтынын жеткізді. Сонымен қатар, Президенті былтыр 1 қыркүйектегі Жолдауында қамтылған экономикалық өсімді қамтамасыз ету мәселесінде назардан тыс қалдырмады. Еске сала кетсек, Жолдауда 2029 жылға қарай ұлттық экономиканың көлемін екі есе арттырып, 450 миллиард долларға жеткізу көзделген. Мемлекет басшысының пікірінше, еліміздің жаһандық экономикадағы маңызды рөл иемденетінін, Орта Азия елдері арасында жоғары экономикалық көрсеткіштерге ие екендігін ескерсек, бұл мақсатты межені де еңсеруге болады. Бұл бағытта ең бастысы, заң үстемдігін күшейтіп, халық арасында әділдік принциптерінің тұрақты негізде сақталуын қамтамасыз ете алуымыз қажет деп білемін. Сонда ғана шынайы бәсекелестік пен өндірістік ортаның дамуына жол ашпақпыз. Қалай десек те, Президент сұхбаты парасатты, пайымды шешімдердің мемлекет болашағына тигізер ықпалын қамтыды. Біз өз кезегінде саяси бастамалардың жүзеге асып, экономикалық бағдарымыздың нақты бағыттары айқындалып, адал азамат ұстанымы берік орнауына өз септігімізді тигізе алуымыз қажет. Сонда ғана татулық пен тұрақтылық үйлесім тапқан, әділетті Қазақстанның іргесі берік болмақ.  

Керімқұл БЕГАЛИЕВ,

облыстық мәслихат депутаты, «Злиха» шаруа қожалығының басшысы.

Ұқсас жаңалықтар