«Андас батыр» әскери кешені ашылды
Өткен апта соңында Меркі ауданы бойынша шекара басқармасы «Андас батыр» шекара бөлімшесі ғимараты кешенінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Оған ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметі директоры орынбасарының лауазымдық міндетін уақытша атқарушы, полковник Д.Дюсембеков, ҚР ҰҚК ШҚ Жамбыл облысы бойынша департаментінің бастығы, полковник Г.Бекмұрзаев, Меркі ауданының әкімі Жорабек Баубеков, Андас батыр ауылдық округінің әкімі Н.Сұлтаналиев, «Жамбыл облысы және Тараз қаласы бойынша ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектерінің бірлестігі» қоғамдық ұйымының төрағасы, «Құрмет» орденінің кавалері Д.Ермеков, ҚР ҰҚК ШҚ Жамбыл облысы бойынша филиалы «Застава тарландары» РҚҰ төрағасы Е.Мусинов және Андас батыр ауылдық округінің ақсақалы Б.Сұлтанбаев қатысты.
Ғимарат кешені заманауи талаптарға сай келеді. Кешен қызметтік және тұрмыстық үй-жайлардан құралған. Қызметтік-жауынгерлік әрекеттерді қамтамасыз ету үшін оқу кластары, асхана, психологиялық жеңілдету бөлмесі, шекараны күзетудің техникалық құралдарын сақтау мен қызметтік жануарларды күтіп-баптау үшін үй-жайлар, сондай-ақ жылыту қазандығы қарастырылған.
Салтанатты жиын барысында шараға қатысушылар жаңа әскери кешеннің материалдық-техникалық базасымен жан-жақты танысып, заманауи нысан ел тыныштығын күзеткен шекарашылар игілігіне айналарына сенім білдірді.
«Aq jol»-Aqparat.
Ұқсас жаңалықтар
Санада серпіліс тудырған алып тұлға
- 13 желтоқсан, 2025
Біз шынайы өмірден алыстап барамыз ба?
- 13 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




