Өмір жолы өнеге тұлға
Биыл 12 қаңтарда көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың туғанына 112 жыл толады. Осыған орай Д.А.Қонаев атындағы халықаралық қордың Жамбыл облыстық бөлімшесінің ұйымдастыруымен «Д.А.Қонаев және әділетті қоғам» атты дөңгелек үстел өтті. Кездесуді Д.А.Қонаев атындағы халықаралық қордың облыстық бөлімшесінің төрағасы Қибат Асқарбеков жүргізіп отырды. Əуелі М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің аға оқытушысы Бақытжан Мақашев Дінмұхамед Қонаевтың «Ақиқаттан аттауға болмайды» кітабындағы деректер мен дəйектер төңірегінде əңгіме қозғады. Сондай-ақ, Ш.Мұртаза атындағы «Руханият жəне тарихтану» орталығының директоры Сауран Қалиев қайраткер тұлғаның ғалымдар мен əдебиет өкілдеріне ерекше қамқорлық көрсеткенін жеткізді. Облыстық мəслихаттың депутаты, журналист Оралхан Дəуіт Дінмұхамед Ахметұлының қарапайымдылығы мен əділдігі басшыларға үлгі болу керектігін айтты.
Өз сөзінде «Aulieata-Media» ЖШС директоры Данияр Асқарұлы Қонаев есімі жас ұрпақтың жадында мəңгі сақталатынын əңгімеледі. Сондай-ақ, келелі жиында Дінмұхамед Қонаевтың атқарған еңбектері мен жүріп өткен өмір жолы сөз болып, журналистер мен зиялы қауым өкілдері қоғам қайраткері туралы өздерінің ойын ортаға салды.
Ал, облыстық «Aq jol» газетінің бас редакторы Хамит Есаман тарихи тұлғаның атқарған еңбегінің орасан зор екенін айтып, тау тұлға туралы естеліктер басылым беттерінде жарияланып тұратынын жеткізсе, облыстық «Ar-Ai» жастар газетінің бас редакторы Тұрсынбек Сұлтанбеков Дінмұхамед Қонаев туралы мақалалар басылым беттерінде жарияланып тұратынын айтты.
Жиынды Қазақстан Журналистер одағы облыстық филиалының төрағасы Жаңабай Миллионов қорытындылап, Дінмұхамед Ахметұлы сияқты қайраткер тұлғаның есімі елімен бірге мəңгі жасай беретінін жеткізді. Жиын соңында қонақтарға Дінмұхамед Ахметұлы туралы жазылған кітап сыйға беріліп, естелік суретке түсті.
Назерке СƏНДІБЕК
Ұқсас жаңалықтар
Қараусыз ғимараттардың қаупі орасан
- Бүгін, 14:10
Болашақ Отан қорғаушылар - шекара шебінде
- Бүгін, 14:03
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді