Баға бақылауда болуы қажет

Баға бақылауда болуы қажет
ашық дереккөз
Баға бақылауда болуы қажет
Жыл басындағы жалақының өсуі мен әлеуметтік жәрдемақылардың көтерілуінен кейінгі бағаның басқа болатыны қалың бұқараға белгілі. Әр жылдары көтеріліп келген бағалар әлеуметтің әмиянын тонап, қалтасын аз қаққан жоқ. Аймақтың биылғы ахуалы қандай? Монополистер бағаны тағы да өсіре ме? Облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өткен аппарат кеңесінде осы мәселелер талқыланды. Бүгінде азық-түлік бағаларын тұрақтандырып, оның ішінде, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының халыққа қолжетімді болуын қамтамасыз ету – ең негізгі мәселе болып отыр. Сала мамандары бұл бағытта жан-жақты жұмыстың атқарылып жатқандығын алға тартты. Кәсіпкерлік және индустриялық- инновациялық дамыту басқармасының басшысы Аспандияр Сейсебаевтың айтуынша, облыста әлеуметтік маңызы бар азық- түлік тауарларының инфляциясы жыл басынан бері 0,1 пайызды құраған. Десе де соңғы бір апта ішінде айран 0,6, тауық жұмыртқасы 0,8 пайызға қымбаттапты. Мұның себебін маусымаралық кезеңмен байланыстырған басқарма басшысы нақты атқарылған жұмыс нәтижелерімен бөлісті. – Облысымыз артық делдалдық буынды жоюда басқа өңірлермен салыстырғанда төртінші орында тұр. Соңғы аптада 965 сауда дүкеніне түсіндірме жұмыстарын жүргіздік. Бүгінгі таңда сауда дүкендерімен және ауылшаруашылық тауар өндірушілермен сауда үстемақысын 15 пайыздан асырмауға сәйкес меморандумға отыру жұмыстары басталды, – деді басқарма басшысы. Алайда, тәртіпке бағынбай, өз дегендерін іске асырып отырған кәсіпкерлердің де қарасы қалың. Облыстық сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары Байқадам Дүйсенбаевтың сөзінше, өткен жылы ірі сауда желілеріне 51 тексеріс жүргізіліп, 35 кәсіпкерлікке ескерту берілген. Ал, биылдың өзінде 72 заңбұзушылық факті анықталған.Аймақ басшысы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы қашанда бақылауда болу қажеттігіне айрықша тоқталды. Сондай-ақ, облыс әкімі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын заңсыз көтерген кәсіпкерлік субъектілеріне байланысты қабылданған шаралар бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануы қажеттігін тапсырды.  

Гүлжан РАХМАН

Ұқсас жаңалықтар