Сыбайлас жемқорлық – ғасыр дерті
Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлық – ғасыр дерті» дилемма өтті. Аталмыш іс-шараға «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы” Республикалық қоғамдық бірле стігінің Жамбыл облыстық филиалының директоры Төлендиев Қасымхан Естемесұлы, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Омаров Даурен Даниярбекұлы, Жамбыл жоғары медициналық колледжінің студенттері қатысты.
Іс-шара барысында қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі сыбайлас жемқорлық екендігін, ел болашағына, ұлттық қауіпсіздікке үлкен зиянын тигізетінін айтып, кітапхана қызметкері «қоғам дамуының жаңа жолын таңдап, уақыттан туындаған әр түрлі кеселдермен айығуды міндет етіп қойдық. Қазақстан бүкіл әлемге өзінің бір тұтастығыменен, ажырамас бірлігімен танылды. Қоғам дамуының жаңа жолын таңдап, уақыттан туындаған әр түрлі кеселдерден айығуды міндет етіп қойды. Ол жол бастауымен алға қойылған сыбайлас жемқорлықпен күрес жолы» атты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың сөзімен аяқтады.
Перизат МЫРЗАКУЛОВА, Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының абонемент қамтамасыз ету секторының меңгерушісі.
Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың арқасында биіктерді бағындырып келеміз
- 30 сәуір, 2026
Аудит тексерісі нені анықтады?
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




