Бәсі биік басылым

Бәсі биік басылым
ашық дереккөз
Бәсі биік басылым
Қордай аудандық газетінің 90 жылдығына орай «Ауданның көзі һәм құлағы, Маздай берсін Қордайдың шамшырағы» атты мерекелік іс-шара өтті. Аудан әкімдігінің мәжіліс залында өткен жиынға аудан басшысы Бегзат Болатбеков, аудан әкімінің орынбасарлары, құқық қорғау органдары мен бөлім басшылары, ауыл әкімдері және газет ардагерлері қатысты. Жиында модераторлық қызметті газет құрылтайшысы Қуат Иманалиев атқары. Аудан басшысы Бегзат Сейсенқұлұлы бірқатар газет қызметкерлерін марапаттады. Жекелей тоқталсақ, осы күні «Қордай ауданына сіңірген еңбегі үшін» медалін аудандық басылымның оператор-дизайнерлері Ғалия Құсманғалиева мен Роза Нұрсейтова аудан әкімі қолынан алды. Сонымен қатар, аудандық газеттің директор-бас редакторы Шолпан Сабанова, «КИИК» ЖШС директоры Гүлжамал Иманалиева, тілші Сәуле Мұхадинқызы Құрмет грамотасымен, тілші Еркін Қатбеков Алғыс хатпен марапатталды. Ал, газеттің өткені мен бүгіні, болашағы хақында аудандық басылымның бас редакторы Шолпан Талғатқызы арнайы баяндама жасап, аудан айнасында қызмет атқарған азаматтардың еңбегі, сара жолы, сол жолды бүгінгі жалғастырушылар жайында кеңінен толғанып, зор үміт пен ауыр жүк арқалап жүрген журналистер тірлігі турасында айтты. Өз сөзінде қоғам қайраткері Құрманғали Уәли жалпы тоқсаныншы жылдардағы газет тағдыры жайына тоқталып, үнемі жаңалықтардың алғы шебінде жүретін журналистерге әрдайым қолдау көрсету қажеттігін баса айтты. Ал, халықаралық «Қазақстан дәуірі» газетінің директор-бас редакторы Сәуле Мешітбайқызы құттықтауымен қатар ең тамаша сый ретінде қос кітапты сыйға тартты. Конференциядан соң арнайы көрме ұйымдастырылды. Сол көрме жанында газетте ұзақ жылдар қызмет еткен, газетті басқарған көрнекті жазушы Несіпбек Дәутайұлының шығармашылығына арналған көрмені аудандық орталықтандырылған кітапхана ұжымы көрсетті. Мерейтойға арналған мерекелік медаль аудан әкімінің орынбасары Дамира Сүгірбайға, аудандық мәслихат төрағасы Нұрдин Садықовқа, ауданымызда басшылық қызмет еткен тұлғалар Болатбек Байтөлеге, Мәден Мұсаевқа, Мырзағали Күзербаевқа, газет ардагерлері Құрманбек Әлімжанға, Сағыныш Медетбековаға, Людмила Досембековаға, Әбдібек Сейілханға, Дүкенбай Сегізбаевқа, аудандық газеттің бас редакторының орынбасары Жандос Омаровқа, «Мансап» орталығының директоры Саламат Көпешовке табыс етілді. Сондай-ақ, редакция тарапынан дайындалған номинациялар да табыс етілді. Мәселен, «Қордай шамшырағы – Кордайский маяк» аудандық қоғамдық-саяси газетінің «Ең оқырманы көп мекеме» номинациясы бойынша аудандық білім бөлімі, «Ең белсенді жазылушылар» номинациясы бойынша аудандық орталық аурухана ұжымы марапатталса, «Ең үздік спорт хабаршысы» номинациясы бойынша Әлжан ана спорттық-сауықтыру кешені басшысы Саман Аманбаев марапатталды. Осындай номинациялармен 19 ауылдық округ әкімдері де марапатқа ие болды.  

Жандос ОМАРОВ,

журналист.

Қордай ауданы

Ұқсас жаңалықтар