Ерсұлтан ұлттық сыйлықтың иегері атанды
Астана қаласында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірінші медиа орталық» республикалық қоғамдық бірлестігінің 10 жылдығына және 9 желтоқсан – «Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай ұйымдастырылған «Адал тұлға – 2023» IX ұлттық сыйлығының жеңімпаздары марапатталды. «Әділдіктің бәйгесіне атыңды қос. Озсаң да – олжалысың, қалсаң да – олжалысың» дегенді ұран еткен тараздық жас мұғалім, педагогика ғылымдарының магистрі Ерсұлтан Нүсіпжанов «Адал тұлға – 2023» ұлттық сыйлығының иегері атанып, «Қоғамдық құрмет» номинациясымен және төсбелгісімен марапатталды. «Әділеттілік, парасаттылық және сенім» ұғымын кәсіби қызметінде басты бағыт еткен жас маман бүгінгі таңда өзі кәсіби педагогикалық іс-тәжірибеден өткен Тараз қаласы білім бөлімінің №3 мектеп- лицейінде қызмет етуде.
Жастар – қоғамның қозғаушы күші. Иә, ұлттық сыйлық иегері сыбайлас жемқорлық көріністерімен күресудің тиімді тәсілдеріне негізделген, қоғамда парасаттылық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған іс-шараларға белсене атсалысып келеді. Мәселен, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті және «Жамбыл – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің бастамасымен ұйымдастырылған облыстық жобалар байқауында I дәрежелі дипломмен марапатталған Ерсұлтан Кәрімжанұлы аталған жобаға сыбайлас жемқорлық көріністерімен күресудің тиімді тәсілдерінің шетелдегі тәжірибелеріне жасаған зерттеу жұмысын және жемқорлық фактілерінің алдын алуға бағытталған мобильді бағдарламаның жобасын ұсынған болатын.
Сонымен қатар, ол осы агенттіктің облыс бойынша департаменті және «Жамбыл – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі, облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы жастардың бойына адалдық пен сенімділікті, парасаттылықты және сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған «Жас ақындар – жаршысы адалдықтың» атты облыстық мүшәйрасына белсене атсалысқаны үшін Алғыс хатқа ие болған.
Академиялық адалдық мәдениетін қалыптастыру мақсатында өзі білім алған жоғары оқу орнының басшылығының бастамасымен қоғамдық орындарда «Ашықтық. Әділдік. Креативтілік» идеясына негізделген жарнамалық орындарда қала орталығында орналасып, аталған идеяның шын мәнінде жүзеге асуына атсалысты және жоғары оқу орнында «Саналы ұрпақ» еріктілер клубының жетекшісі қызметін атқарды. Жауапкершілігі мол қоғамдық қызметте «Адалдық сағаттарының» және «Таза сессия» акцияларының белсенді жүргізілуін негізге алды.
Ізденіс пен біліктілікті алға қойған үміткер осы уақытта Білім және ғылым министрлігі жанындағы Студенттік кеңес мүшесі болғанын ерекше атап өткен жөн. Бұл кезеңде шәкіртақыны арттыру, оқыту сапасына қатысты мәселелер, студенттік жатақханалар салу және түлектерді сертификаттау, академиялық адалдық қағидаларын сақтау және сыбайлас жемқорлыққа деген төзбеушілікке байланысты мәселелерді талқылауға және оларды шешу жолдарын қарастыруға бағытталған жиындарға қатысып, осы бағыттағы жұмыстарға атсалысты.
Назерке СӘНДІБЕК
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді