Жаңа нысан ел игілігіне берілді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен ауыл тұрғындарына медициналық көмек көрсету деңгейін арттыру мақсатында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық пилоттық жобасы бекітілген болатын. Осыған орай, Жуалы ауданына қарасты Теріс ауылдық фельдшерлік-акушерлік пункттің ашылу рәсімі өтті. Аталған жоба аясында салынып, пайдалануға берілген ауылдық фельдшерлік-акушерлік пункт он келушіге арналған. Ғимаратта келушілерді қабылдау, дәрі егу, дені сау бала бөлмесі, акушер бөлмесі, әйелдерді алдын ала тексеру бөлмесі, ақпараттық бөлме, екпе егу бөлмелері бар. Барлығы да керекті медициналық құрал-жабдықтармен жабдықталған. Ауылдағы 920 тұрғынға медициналық көмек барынша қолжетімді. Мұнда 14 жасқа дейінгі балалар 220 болса, 18 бір жасқа дейінгі балалар бар.
Денсаулық сақтау нысанының ашылу салтанатына еліміздің Денсаулық сақтау вице-министрі Жандос Бүркітбаев, облыс әкімінің орынбасары Нұржан Календеров, аудан әкімі Жалғас Мұртаза және аудандық ардагерлер кеңесі, билер кеңесі мен қоғамдық кеңес төрағалары қатысты.
Ауылдықтарды алдымен облыс әкімінің орынбасары Нұржан Календеров құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.
– «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» бағдарламасы аясында облысымызда 14 ауылдық денсаулық сақтау мекемесі салынатын болады. Биыл облыста он медициналық мекеменің құрылысы жүргізілді. Соның бірі – сіздердің ауылдағы осы фельдшерлік-акушерлік пункт. Мұндағы мақсат – медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру, халықтың денсаулығын жақсарту, алдын алу, – деді Нұржан Сәбитұлы.
Сонымен қатар, аудандық билер кеңесінің төрағасы Мұратқали Рахметов жиналғандарға ақ батасын берді. Ал, өз кезегінде мердігер компанияның директоры Рәсілбек Исабеков аудандық аурухананың бас дәрігері Батырбек Үсенбаевқа ғимараттың кілтін салтанатты түрде тапсырды.
Ауылдықтардың қуанышымен бөлісуге келген Денсаулық сақтау вице-министрі Жандос Бүркітбаев пен облыс әкімінің орынбасары Нұржан Календеров ғимараттың лентасын қиып, ауыл аналары тәттіден шашу шашты.
Мақпал СҮЙІНБАЙ
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді