Өлеңге адал азамат
Отанға деген махаббат, туған жерге, өзінің мәдени ортасына көрсетілетін сүйіспеншілік, ата-анаға лайықты құрмет көп адамдардың бойынан табыла бермейтін асыл қасиеттердің бірі. Адамның бойындағы күш-қуаты мен білімін Отан игілігі мен мүддесіне жұмсау, елінің болашағы үшін аянбай қызмет ету екінің бірінің қолынан келе бермейтін ұлы істер. Өз Отанын сүйетін, кешегісін біліп, ертеңін ойлап, бүгін оның дамуы үшін өз саласында үлкен үлесін тигізіп жүрген адамдардың бірі ол – Қайрат Әшірәліұлы Бисімбаев. Еңбек жолын 1987 жылы Арқалық қаласында «Тургайсельхозводопровод» мекемесінің шебері болып бастаған, кейіннен әртүрлі лауазымдарда өз бағын сынап көрген, қазіргі таңда Жамбыл облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы лауазымында қызмет атқарып жүрген Қайрат Әшірәліұлы маған әр кез нағыз еліне адал, әкесі мен анасының аманатына адал перзент, еңбекқор тұлға ретінде қала бермек.
Қайрат Бисімбаевтың шығармашылығынан мен өзіме көптеген тәлім-тәрбие ала алдым деп ойлаймын. Себебі, оқырманға әсер етіп, оны биік шыңдарға жетелейтін Қайрат Бисімбаевтың өлеңдерінің орны ерекше. Өйткені, ол өз ұлтының, өз халқының сөзін сөйлеуші. Әкесі мен анасына арналған өлеңдерін оқығанда, ата-анаға деген мейіріміміз одан сайын арта түсіп, ата-анамыздың алдында мәңгілік борыштар екенімізді еске салғандай. Ал, туған жер жайлы өлеңдерді қарай отырып, бір патриоттық рухым арта түскендей күй кештім.
«Құшақ жайып қонаққа: «Кел!», – деп тұрған Таразым,
Тарихымның тереңін көр! – деп тұрған Таразым.
Әулие ат асын қондырып Тектұрмастың төріне,
Бабаларын ұлықтап, ерлеп тұрған Таразым», – деген осы өлең жолдарын оқи отырып, барша т араздықт ардың өз жеріне деген махаббаты арта түскеніне сенімдемін. Себебі, Қайрат ағамыздың әр өлеңінде біздің қанымызға тән халықтық пен ұлттық ерекшелік айқын сезіледі.
«Тәуелсіздік қадірін ұғынайық,
Оңай келе салмаған азаттықты.
Бір қазақпыз, бір ауыз, бір болайық,
Сонда ғана Егемен Қазақ мықты !!!»,–міне осы шумақтардан-ақ Қайрат Бисімбаевтың нағыз елін сүйген патриот екенін біле аламыз. Бір ғана шығармашылығымен талай қазақтың рухын жаңғыртып, От анға деген сүйіспеншілігін оятты десем, артық айтқаным емес. Ендеше, бойында шығармашылығы мол талантты Қайрат Әшірәліұлы Бисімбаевтың әр өлеңі жастың да, кәрінің де ең таңдаулы шығармасы бола бермек деген үміттемін.
Сөздің соңын мен Абай атамыздың «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы, қиыннан қиыстырар ер данасы. Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп, теп- тегіс жұмыр келсін айналасы», – деген өлең жолдарымен аяқтағанды жөн көрдім. Өйткені, сөздің патшасы етіп санаған өлеңге қазақтың бас ақыны, ұлы кемеңгер данышпаны Абай ерекше баға беріп, қадір тұтқан. Ол ақындық өнерді өзгеше бағалаған. Және осы тұста Қайрат ағамыздың шығармашылығының әр сөзі, әр өлең жолы оқырманның жүрегіне жылы тиіп, үлкен ой салды деген нық сенімдемін.
Аружан СҰЛТАНОВА,
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті журналистика мамандығының 2-курс студенті.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді