
Кәсіптік бағдар беруде
Оқырмандарға мамандық таңдау, кәсіптік бағдар беру мақсатында Д.Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен «Болашаққа жоспар жаңа оқу орнымен» жобасы аясында жыл басында университеттер мен колледждер апталығы, ал жылдың төртінші тоқсанында лицейлер апталығы өтті. Апталықтың бірінші күні «Айша бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының қыздар тобымен өткізілсе, екінші күні дарынды ер балаларға арналды.
Апталықтың үшінші күні «Физика- математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебіне» арналып, аталған мекеме, әдіскері Нұржан Мырзаков арнаулы оқу орнының құрылу тарихына, мектептің оқыту деңгейлеріне кеңінен тоқталды. Мектеп түлектерінің шығармашылық емтихандарға қатысуға өтініш беру мерзімін, алтыншы сыныптан кейін емтихан тапсырып өтуге болатынын айтып, мектеп тарапынан ұйымдастырылып отыратын байқаулар, үйірмелер туралы толық мәлімет берді.
Төртінші күні «IT лицей-интернатының» директор орынбасары Жамбыл Ажибаев ІТ лицей туралы ақпараттар берді.
Апталықтың соңғы күнінде «125 High shcool» білім беру орталығының профорентологы Дана Асқарқызы өздерінің оқу орны жайлы мағлұмат беріп, сергіту ойындарын ойнатты.
Іс-шарада «Жақсы мамандық – жарқын болашақтың бастауы» кітап көрмесіне кітапханашылар библиографиялық шолу жасады.
Нұржан ҚАДІРӘЛІ
Ұқсас жаңалықтар
Жауынгердің ерлікке толы орық жолы
- 7 маусым, 2025
Ақпарат
Таразда ауқымды Креаторлар форумы өтті
- 28 мамыр, 2025
Енді Алакөлге қатынау жеңілдейді – Көлік министрлігі
- 20 мамыр, 2025
TOP-10: Еліміздегі ең танымал спорт түрлері қандай?
- 6 мамыр, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді